​Аз күнде АЙФОНның бұғатын ЖҮРЕКПЕН шешетін боламыз

0
957

Құрылғының құлпын ашу үшін жүрек соғысын пайдалануды ойластырып отыр


​Аз күнде АЙФОНның бұғатын ЖҮРЕКПЕН шешетін боламыз

Компанияның тұтынушыларына ұсынғалы отырған тағы бір жаңалығы – балаларға арналған пластикалық Apple Watch SE 3 сағаттарын шығару. Пластикалық қаптама «жас аудиторияға» ұнайтындай түрлі түстерде жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, гаджеттің құны да төмендеп, барынша қолжетімді бола түседі.

Apple Watch SE 3-те ересектерге арналған біршама қосымшалар болмайды. Мәселен, қосымша денсаулық сенсорлары немесе қимылдарды басқару сияқты негізгі желінің барлық мүмкіндіктеріне ие болмаса да, ол керемет смарт-сағат болып шығатынына уәде беріп отыр.


Сондай-ақ Apple 2025 жылға жоспарланған алғашқы жиналмалы планшетті шығаруды кейінге қалдырды. Компанияның жиналмалы iPad жобасын уақытша тоқтатуға мәжбүр болғанын атап өтті. Алайда бұл түбегейлі бас тарту емес, жиналмалы құрылғы 2026 жылы жаппай өндіріске және нарыққа шығады деп уәде беруді де ұмытпады.

Ал iPhone 16 жаңа үлгісін ішкі проблемаларға қарамастан, қыркүйек айында ұсынатынын хабарлады. Компания мамандарының айтуынша, iPhone 16 сериялы смартфондарын жариялау және нарыққа шығаруды кейінге қалдырмайды.

Дайындаған: Бауыржан МЕЙІРХАНҰЛЫ,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

ОҚУШЫҒА қандай ТЕЛЕФОН әперген дұрыс?