Балаға қандай планшет әперген дұрыс?

0
3 230

Бірнеше тиімді планшеттің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы біле жүріңіз.


Балаға қандай планшет әперген дұрыс?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазір көптеген оқушыларға ұялы телефон ғана емес, планшет те қажет. Өйткені, планшеттердің мөлшері үлкен және салмағы жеңіл. Сондықтан оларды мектеп сөмкесімен еш қиындықсыз алып жүруге болады. Сондай-ақ, бұл гаджет оқуда көмекші бола алады. Өйткені оған баланың ойлауына, логикасына және ақыл-ойына оң әсер ететін әртүрлі оқу бағдарламаларын, білім беру ойындарын жүктей аласыз. Планшетті таңдағанда оның сыртқы сипатына ғана емес, сонымен қатар техникалық сипаттамаларына да назар аудару керек.


HUAWEI Mediapad T3 – берік және функционалды

Артықшылықтары: Әмбебап модель көптеген тұтынушылардың оң пікіріне ие болған. Оның диагоналі 9,6 дюйм, ажыратымдылығы 1280×800 пиксель болатын жақсы экраны бар. Бұл бастауыш және орта мектеп оқушылары үшін ең жақсы планшеттің бірі. Корпусын дайындау үшін металл қолданылатындықтан ол берік әрі сенімді деп баға беруге болады. Егер оның жадын ұлғайту қажет болса, 128 Гб-қа дейінгі microSD картасын салуға болады. Батареясы қуатты жақсы ұстайды. Тіпті, 8 сағат бойы ғаламторға кіріп отыруға жеткілікті болуы мүмкін. Әрі салмағы жеңіл.


Кемшіліктері: планшет камерасы кейбір пайдаланушыларғдың көңілінен шықпауы мүмкін. Негізгі камерасы 5 Мп болса, алдыңғы камерасы 2 Мп ғана. Егер бала айқын және түрлі-түсті фотосуреттер түсіруді ұнатса, бұл жеткіліксіз болады. Жедел жад 2 Гб қана болса, жеке жад 16 Гб-ты құрайды.



Samsung Galaxy Tab A 10.1баға мен сапа арақатынасы

Артықшылықтары: керемет қуат, тартымды дизайн және функционалдылыққа ие. Корпусы берік және сенімді металдан жасалған, дисплей толығымен ламинатталған. 10 дюймдік экран Full HD ажыратымдылығына ие. Қуаты 6100 мА-ді құрайтын батареясы гаджетті 10 сағаттан артық пайдалануға мүмкіндік береді. Музыка тыңдау немесе фильм көру барысында толық қуаты 6 сағатқа жетеді. Кірістірілген жады 32 Гб болса, оны қажет болған жағдайда 512 Гб дейін арттыруға болады. Негізгі камерасы 8 Мп, ал алдыңғы камерасы 5 Мп. Бұл сапалы фотосурет түсіруге мүмкіндік береді. Құрылғының салмағы – 460 г.

Кемшіліктері: жедел жад тек 2 Гб-ты құрайды. Планшетте саусақ ізін сканерлеу мүмкіндігі жоқ. Дыбысы бәсең шығады.



Lenovo Tab M10 Plus TB-X606 F – сапалы сурет түсіреді

Артықшылықтары: бағасы қолжетімді, корпусы берік металдан жасалған, экраны көзді шаршатпайды. Бұл құрылғы кітап оқуға, интернетке кіруге, фильм көріп, ойын ойнауға қолайлы. Қуаты мол әрі сегіз ядролы процессоры ауыр бағдарламалар мен файлдарды орнатуға мүмкіндік береді. 5000 мА-лік батареясы шамамен 7 сағат белсенді жұмыс істеуге жарайды. Камералары да мықтырақ. Салмағы 450 грамм. Ата-аналар баланың уақытын тиімді пайдалану үшін арнайы режимді қолданып, тіпті таймерге де қоя алады.

Кемшілігі: жедел жадтың көлемі 2 Гб-ты құрайды. Ұзақ жұмыс кезінде ойындар мен видеолар баяу көрсетілуі мүмкін.



BQ 1022L Armor PRO LTE+ - стильді және ерекше дизайн

Артықшылықтары: көзге түсетін бірінші ерекшелігі — кез-келген балаға ұнайтын сәнді дизайны. Сондықтан өндірушілер дәл осындай планшеттің әртүрлі дизайндағы модельдерін ұсынады. Олардың ішінде компьютерлік ойындардың кейіпкерлері, танктер, футбол командалары, қуыршақтар немесе танымал мультфильм кейіпкерлері бейнеленген түрлері бар. Экранының диагоналі 10 дюйм және ажыратымдылығы 1280×800 пиксель. Бұл баланың көздерін шаршатпайды.

Тағы бір артықшылығы – сыйымдылығы 8000 мА-лік, 12 сағатқа дейін тоқтаусыз жұмыс істеуге мүмкіндік беретін батареясы. Динамиктері де дыбысты жақсы шығарады. Ғаламторда да жылдам жұмыс істейді.

Кемшіліктері: кейбіреулерге планшет ауыр болуы мүмкін және камералары әлсіз. Планшеттің аз көлемдегі жады көп ақпаратты сақтауға және кей бағдарламаларды орнатуға мүмкіндік бермейді. Экраны өте нәзік.



HUAWEI MatePad T 10 32Gb LTE – ойындар мен оқу үшін

Артықшылықтары: планшеттің үлкен экраны кітап оқуғанда, видео көргенде және ұзақ уақыт интернетте отырғанда көзіңізді шаршатпайды. Корпусы өте мықты. Сыйымдылығы 5100 мА-ді құрайтын батареясы 7 сағатқа дейін шыдайды. LTE жоғары жылдамдықты интернетті қолдайды.

Кемшіліктері: жедел жады 2 Гб. Оның камерасымен түсірілген фотосуреттер сапасыз болады. Саусақ ізінің сканері жоқ.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Балаларды смартфоннан ажырату ҚИЫНДАП БАРАДЫ. Неге?


Қытай смартфондарының ЗИЯНЫ КӨП пе?