Денсаулықты ЖАҚСАРТУҒА көмектесетін гаджеттер

0
3 386

Қазіргі әлемдік нарықта адам денсаулығын сақтауға көмектесетін көптеген гаджеттер бар.


Денсаулықты ЖАҚСАРТУҒА көмектесетін гаджеттер

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бүгін біз Сіздер үшін денсаулыққа пайдалы құрылғыларды ұсынамыз.


«Darma Sit Smart» – ақылды жастық

Қимылсыз жатқан адамның денесі босаңсып, ыңғайсыз қалыпта жатса, дене мүшесінің біреуіне зиян тиюі мүмкін. Ал, Darma атты ақылды жастық дұрыс жатуға көмектесе алады. Яғни, бұл гаджет қимылсыз уақыттың ұзақтығын, тыныс алу және жүрек қағысын зерттеп, смартфонға жазылатын арнайы бағдарлама арқылы тиімді кеңестер береді.


«SmartMat» – жаттығуға арналған кілемше

Жаңа технологиялармен жабдықталған бұл кілем жаттығу кезінде дененің дайындығын және қаншалықты жаттығу жасай алатынын зерттей отырып, өзіндегі дыбыс шығарғыш арқылы жаттығудан сабақ жүргізе алады. Пайдалы кеңес бере алатындығымен ерекшеленетін гаджеттің бір реттік толық қуаты 6 сағат тоқтаусыз жұмыс істеуге шыдайды.


«Gyenno Cup» – ақылды саптыаяқ


Тәулік бойы тұтынатын сұйықтықтың мөлшері адам денсаулығы үшін өте маңызды. Мәселен, ағзадағы судың жетіспеушілігі әсіресе ыстық ауарайында ағзаның дұрыс жұмыс істеуіне кері әсер етуі мүмкін. Ал, мына ақылды саптыаяқ күндіз тұтынатын судың температурасын, тазалығын бақылап, қажет болған жағдайда температурасын дұрыстауға немесе тазалауға кеңес береді.


Mimo Baby Monitor

Ғалымдардың бала денсаулығы үшін ойлап тапқан бұл құралы олардың тыныс алуын, дене температурасын, ұйқысы мен дене жағдайын қадағалайды. Ал, талданған деректер мен кеңестер ата-аналарға смартфондағы арнайы бағдарлама арқылы беріліп отырады.


«Muse Headband»

Сенсорлық шеңбер секілді сым адамның басын бірнеше минут бойы демалдыруға және тыныштандыруға қабілетті. Оны қолдану – көшеде, жұмыста, ұйықтар алдында немесе ашуланған кезде тынышталудың тиімді тәсілі. Гаджет пайдалана бастағаннан кейін үш минут ішінде әсере ете бастайды.


«Oral-B Toothbrush» – ақылды тіс щеткасы

Oral-B тіс щеткасы тіс тазалау барысында тазалау процесінің дұрыс жүруін қадағалап, смартфон арқылы деректер мен кеңестер ұсына алады. Сонымен қатар, тістің тазалығын бақылайды және қажет болған жағдайда тазалайтын уақыттың келгенін хабарлайды. Бұл ақылды гаджет әсіресе ойын балалары үшін өте пайдалы.


Ұйқыны бақылайтын «Withings Aura»


Бұл құрылғыны «ұйқы сақшысы» деп атауға болады. Өйткені, гаджет ұйқының сапасын бақылап, «қалай дұрыс ұйықтау керек?» және «қалай дұрыс ояну керек?» деген сұрақтар бойынша тиімді кеңестер береді. Сондай-ақ, ұйқы сақшысы оятқыш ретінде де жұмыс істей алады.


Ақылды шанышқы – «Hapifork»

Hapifork атты асхана құралын француз инженері Жак Ле Пен және hepilabs компаниясы жасап шығарған. Шанышқы тұиынушы жеген тамақ мөлшерін, жиілігін талдап, денсаулыққа пайдалы кеңестер береді.

Мұндай құралдарды пайдалана отырып, денсаулықты бақылап, оған тиетін зиянды азайтып, өмір сүру сапасын барынша жақсартуға болады.


Дайындаған: А.Мейірхан,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


РЕКОРД жасаған ЕРЕКШЕ гаджеттер


Смартфонмен САПАЛЫ СУРЕТ түсіру үшін қажетті 5 ҚҰРЫЛҒЫ