Илон Маск КҮН СӘУЛЕСІМЕН ҚУАТТАЛАТЫН телефон шығарды

0
4 512

Ерекше жобалардың авторы тағы бір өнімін жарыққа шығарды.


Илон Маск КҮН СӘУЛЕСІМЕН ҚУАТТАЛАТЫН телефон шығарды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

2022 жылы әлем халқы атақты Илон Масктың Tesla Phone атты смартфонын қолдануға мүмкіндік алады. Бұл бүгінгі күнгі нарықтағы барлық алып брендтермен бәсекеге түсе алатын смартфон ғана емес, сонымен қатар, оларды артта қалдыратын ең жақсы смартфон болады деп күтілуде.

Сарапшылардың пікірінше, Tesla Phone-ды сатып алушылар саны өте көп болмақ. Өйткені бұл құрылғы қазіргі смартфондарда ешқашан қол жетімді болмаған мүмкіндіктері бар ерекше гаджет болады. Оның қандай стандартты сипаттамалары және ерекше белгілері бар екенін біле жүріңіз.


Техникалық сипаттамалары

Әлем нарығынан өзіндік орнын табады деп бағаланған Tesla Рhone сегізінші сериялы Qualcomm Snapdragon процессоры мен жабдықталады. Жедел жадының көлемі 16 ГБ болса, жалпы жады 512 ГБ және 1 терабайтты құрайтын болады. Ал, батареясының қуат сыйымдылығы әлі белгісіз болғанымен, жаңа технологияның қыр-сырына қанық Илон Маск бұл телефонның қуатын 0%-дан 100%-ға дейін 10 минутқа жетпей толатын етіп жасайды. Сондай-ақ, міндетті түрде судан қорғау жүйесі болады.


Tesla Phone-ның бірегей мүмкіндіктері

Tesla Phone-ның жасалып, дамуына Илон Масктың өзі тікелей қатысып, смартфонды ерекше мүмкіндіктермен жабдықтаған. Мысалы, бұл телефонның артқы жағында күн панелі орналасқан, яғни ол панель күн астында тұрған тұрған құрылғыны 30 минут ішінде 20% қуаттауға мүмкіндік береді. Бұл электр желісі жоқ жерде жүргенде өте пайдалы. Тиісінше, қазіргі қолданыстағы қай телефонды алсаңыз да, ешқайсысы мұндай мүмкіндікпен мақтана алмайды.


Илон Масктың SpaceX ғарыш компаниясының спутниктері арқылы жер бетін жоғары жылдамдықты интернетпен жабдықтау бойынша Starlink атты жобасы бар екені белгілі. Ал, Tesla Phone-дар осы ғаламтор желісіне тікелей қосылу және планетаның кез-келген нүктесінен жоғары жылдамдықты спутниктік интернетті пайдалану мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, смартфонды сатып алушылар үшін бұл желі ақысыз және уақыты шектеусіз болады.


Айта кетейік, Tesla Phone-ның тұсаукесері кейінірек өтеді және сатылымы 2022 жылдың соңына қарай басталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, Илон Маск өзінің революциялық жаңалығын қаншаға бағалайтыны әлі белгісіз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Дрон ӨТЕ ҚАУІПТІ құрылғы!


Телефонның ТЫҢДАЛАТЫНЫН қалай білуге болады?