Қарияларға ОСЫНДАЙ құрылғыларды сыйлау қажет

0
6 070

Егде жасқа жеткен кісілерге осы гаджеттерді қолданған тиімді болады.


Қарияларға ОСЫНДАЙ құрылғыларды сыйлау қажет

илююстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бүгінде жарық шығып жатқан гаджеттердің түр-түрін еңбектеген баладан еңкейген қарттарға дейін қолданатыны бәрімізге мәлім. Осыған дейін жастарға қандай құрылғыларды қолданған тиімді екенін айтып келсек, енді тақырыпты егде тартқан кісілерге бұруды жөн көрдік. Жалпы, жасы ұлғайған адамдарға қандай гаджеттерді қолданған дұрыс?


Тазалаушы робот

Үй-жай немесе жұмыс орнындағы тазалық жұмыстарын өздігінен орындай алатын мұндай құрылғылар бүгінгі күннің тренді десек болатын шығар. Өйткені, соңғы 2-3 жылдың көлемінде бұл роботтарға сұраныс артып, бірнеше түрі жарық көріп үлгерді. Тіпті, кейбір түрлерін басқа жақта жүріп—ақ смартфонмен басқара беруге болады. Бұл жасы үлкен адамдарға пайдалы деп сеніммен айта аламыз. Мысалы, еден жуу үшін еңкейіп жүрмей, осы роботтың қызметін пайдалана алады.



Электронды есік көзі

Электронды есіктің көзі қарапайым құрылғы. Атап айтсақ, бейнекамерамен жабдықталған гаджетті үйдің сыртқы есігіне бекітіп, ол келіп тұрған адамның бет-бейнесін теледидар немесе смартфонның экранына жеткізеді. Оған қоса, құрылғы арқылы келіп тұрған адаммен сөйлесуге де болады. Демек, қол-аяғы әлсірей бастаған қарттар есік тоқылдаған сайын қайта-қайта «кім екен?» деп барып жүрмейді.



Цифрлы метеостанция

Мұндай құрылғыны терезенің алдына қойып, сырттағы ауа температурасын үйдің ішінде отырып біле аласыз. Бір ерекшелігі гаджет интернет арқылы жұмыс істемейді, яғни ғаламторды қолданбайтын кісілерге тиімді. Сондай-ақ, құрылғы сағат, дабыл қаққыш және радио ретінде қызмет ете алады. Оның экранында температурадан бөлек, атмосфералық қысым, ылғалдылық және жауын-шашын туралы мәліметтер болады.



Қарапайым, функциясы түсінікті смартфон


Қазір смартфондардың түрлі функциялар енгізілген, қолданылуы күрделі түрлері көптеп өндіріледі. Бірақ, ондай смартфондарды қарттардың бәрі бес саусағындай біледі деп айта алмаймыз. Сондықтан, ол кісілерге миды ашытпайтын, қарапайым телефон әперген жөн.



Цифрлық фоторамка

Кәдімгі фоторамка негізінде жасалған бұл құрылғы сурет жинайтын альбомның қызметін атқарады. Нақтырақ айтсақ, оған фотоларды жүктеп қойсаңыз, олар белгіленген уақыт аралығында ауысып отырады. Тіпті, алыста жүрген жақындарыңыз да өз фотоларын ғаламтор жібере алады. Бұл сағынышты сурет арқылы басудың бір әдісі деп те айтылып жүр.



Электрлі ашқыш

Бұл үй шаруашылығын жүргізуді жеңілдетуге арналған құрылғы. Яғни, гаджет жабылған консервілерді(банкы), түрлі бөтелкелерді ашу қызметін атқарады. Сонымен қатар, құрылғы пышақтың жүзін өткірлейтін қайрақпен жабдықталған.



GPS трекері бар сағат-телефон

Қарт адамдардың денсаулығы жиі сыр береді. Мұндай кезде қалтасы немесе сөмкесіндегі смартфонын ала алмай қалуы да мүмкін. Сондай жағдайларда осы сағаттың көмегі тиеді. Өйткені, ол шұғыл хабар беретін түймемен жабдықталған. Яғни сағатқа жедел хабар баруы тиіс адамдардың нөмірін енгізіп қойса, тетікті басқанда бірден дабыл қағады. Ал, GPS трекері қиын жағдайға түскен адамның қай жерде екенін көрсетіп тұрады. Сонымен қатар, сағат кәдімгі телефонның қызметін де атқара береді.



Әмбебап пульт


Бұл қашықтан басқаратын қарапайым өнертабыс. Оның көмегімен үйдегі теледидар, кондиционер секілді жабдықтарды басқара беруге болады. Бірақ, сатып алардан бұрын қайндай құрылғыларға қосуға болатынын біліп алу қажет.



Радио іздеу жүйесі

Радио іздеу жүйесі жоғалған, қай жерге қойғанын білмей дал болатын заттарды табу мәселесін шешеді. Ол үшін жиі жоғалтатын кілт секілді заттарға гаджеттің брелогтарын тағып қоясыз. Сосын, рабиқабылдағыштың түймесін басқанда таппай жүрген затыңыз тұрған жерден дабыл ойнайды. Бұл гаджетке 4 затты енгізіп қоюға болады.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Телефонның ЖАРАМАЙ қалатынын МЫНА БЕЛГІЛЕРІНЕ қарап біле аласыз


Смартфоныңыз "СУЫҚТАП" ҚАЛМАСЫН десеңіз