ХХ ғасырдың "хит" болған гаджеттері

0
3 884

ХХ ғасырдың көзін көрген жандарда "хит" болған гаджеттер болмаған деп кім айтты? Өз заманында көптің арманы болған бұлар...


ХХ ғасырдың

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бүгінгі таңда тұтынушыларды таңқалдыру өте қиын. Себебі, пайдалану арқылы өмір сүруді жеңілдететін нанотехнологиялар, робототехника және т.б. өнертабыстар екі күннің бірінде шығып жатыр. Мысалы: көлемі 8 МБ флешкасы бар «кірпіш» телефонды жаңалық деп айта алмыз ба? Әрине жоқ, бірақ бұл құрылғы өз заманында әлемді өзгерткен құрылғы болған.

Сонымен, өткен ғасырда әлемді дүр сілкіндірген гаджеттермен танысайық.


1. Regency TR-1 – алғашқы қалта радиоқабылдағыш

Шыққан жылы: 1954 жыл.

Бұл қалта радиосы Texas Instruments және IDEA компанияларының жасаған жобаларынан пайда болған. Өз заманында бұл радиоқабылдағыштың құны 50 доллар болды, бірақ аз сатылған. Бірнеше жылдан кейін Sony бұдан жақсысын шығарғанымен, Regency TR-1 сол кездегі рок-н-ролл-дың патшасы болып қала берді.


2. Zenith Space Command – алғашқы теледидарды басқаратын сымсыз тетік (пульт)

Шыққан жылы: 1956 жыл.

Әлемге өте кең таралған қашықтықтан басқаратын сымсыз тетікті Zenith Radio Corporation компаниясы (бүгінгі күні LG Electronics) ұсынған.

1950 және 1955 жылдары шығарылған тетік үлгілеріне қарағанда сымсыз тетік өте ыңғайлы болған және жоғары сапада жұмыс істеген. Тетіктегі түймелерді басқан кезде құрылғының ішінде алюминий өзегіне соғылып, ультрадыбыстық сигналдар арқылы жұмыс істеген. Өзек сияқты төрт қана түймесі болған: «қосу», «өшіру», «дыбысты реттеу», «арналарды төмен және жоғары» ауыстырып қосу.


3. Lear Jet Stereo-8 – бірінші көлік магнитофоны

Шыққан жылы: 1965 жыл.

Бүгінде аз қолданылатын касеталарға арналған магнитофон «көлікте ән тыңдау» деген ұғымды алып келді. LearJet Stereo-8 алғашқы ойнатқыштары Ford маркалы автокөліктердің бір ерекшелігі ретінде пайда болды және бұл үлкен өзгеріс енгізді. Көлік жүргізушілері осыдан кейін, көлік айдағанда сүйікті әндерін тыңдай алатын болды. Бірақ, бұл күйтабақтардың ленталары қысқа болды, нашар естілді және ойнатқыш көп орын алды. Содан соң, 1970-жылдардың басында ықшам аудиотаспалар, кейінірек CD-дискілер пайда бола бастады.


4. Polaroid SX-70 Land Camera – алғашқы жедел баспасы бар фотоаппарат

Шыққан жылы: 1972 жыл.

Бұл құралдың линзасына қарап, түймені басасыз және фотосуретіңіздің қалай көрінетінін қадағалайсыз, барлығы өте қарапайым. Содан кейін, автоматты түрде дайын суретіңізді шығарып береді. Суретті көру үшін ұзақ уақыт күтудің керегі жоқ – ол дайын! Бұл гаджет осылай жұмыс істейтін болды. Сондай-ақ, бұл құрылғыға деген қызығушылық өте көп болды, тіпті бүгін де бүкіл адам осы гаджеттің дамыған түрлерін қолданады.


5. Texas Instruments SR-10 – бірінші көп функциялы шағын калькулятор

Шығарылған жылы: 1973 жыл.

1970-ші жылдардың басында Техас Instruments бірінші қалта калькуляторын ұсынған кезде бәрі қуанған. Алайда, 1973 жылы әлем SR-10 моделін көрді. Бұл кері шамалар мен квадрат түбірлерді есептеу функциясын қолдайтын алғашқы жинақы құрылғы болды. Егер бұл өнертабыс болмаса, мектепте математика сабақтары қанша уақытқа созылатынын елестету қорқынышты.


6. Sony Walkman TPS-L2 – бірінші күйтаспалық аудиоплеер және әлемдегі алғашқы жеңіл құлаққаптар

Шығарылған жылы: 1979 жыл.


Sony Walkman TPS-L2 плеері – электроника әлеміндегі жаңа дәуірдің бастамасы. Классикалық дизайны бар ықшамдалған құрылғы бүкіл әлем бойынша музыка әуесқойларының жүрегін жаулап алды. Сонымен қатар, компания құлаққаптар үшін екі ұясы бар алғашқы аудиоплеерлерді жасады. Бұл әлеуметтік музыкалық ойнатқыштардың дәрежесін түсіріп тастауға көмектескен.


7. Motorola DynaTAC 8000X – бірінші ықшамдалған ұялы телефон

Шығарылған жылы: 1983 жыл.


DynaTAC немесе «кірпіш» деп аталатын, салмағы бір келіден асатын гаджеттің бағасы 3 995 доллар болған. Бірақ, бағасына сай телефон ретінде сөйлесуге және сымға тәуелсіз болуды сыйлаған. Сондай-ақ, «кірпіш» ұстаған адамдардың 30 нөмірді сақтауға, бір сағат сөйлесуге мүмкіндігі болған.


8. Nintendo Game Boy – шағын ойын құрылғысы

Шығарылған жылы: 1989 жыл.

Шағын ойын құралы шыға салып бүкіл әлем бойынша миллиондаған балалардың арманына айналған. Ол алғашында Game Boy монохромды дисплеймен жабдықталған және сұр түсті корпусы бар дизайнда шығарылды. Кейінірек үлкейтілген және түсті дисплейі бар қуатты және ықшам нұсқалары пайда болды.


9. Sony DCR-VX1000-miniDV — бірінші сандық бейнекамера

Шығарылған жылы: 1995 жыл.


Sony DCR-VX1000 miniDV бейне түсіретін және жазбаны жіберуге мүмкіндік беретін бірінші камера болды. Құрылғының бағасы 4 000 доллар болған. Көп ұзамай бағасы бойынша қол жетімді модельдері пайда болды.

Құрылғы арқылы түсірілген бейне сапасы оның алдындағыларынан әлдеқайда жақсы болды. Елестетіп көріңізші: егер ол болмаса қаншама тарихи бейнелерді көре алмас едік.


10. M-Systems DiskOnKey – ең алғашқы флешка

Шығарылған жылы: 2000 жыл.

Көптеген жылдар бойы адамдар ақпарат сақтау үшін таспаларды қолданыа келген. Ал саусақтай ғана көлемі бар «қойманың» пайда болуы таспаларды қолданыстан ысырып тастады. Себебі, 8-ден 32 МБ-ға дейінгі жады бар USB-флеш-жинақтауышты пайдалану оңай болды. Сонымен қатар, DiskOnKey гаджеті ақпараттарды бір құрылғыдан екіншісіне көшіруге мүмкіндік сыйлады.


Міне, осы өнертабыстардың арқасында бүгінгі қарыштап дамыған технологияға жетіп отырмыз. Құрметті оқырман, ойланып қарасақ, біз білмейтін дүние көп. Сондықтан, танымыңызды кеңейтетін ақпараттарды оқып тұрыңыз!


Дайындаған: Б.Мейірханұлы

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз:

Телефонды қуаттап алатын сөмкеңіз бар ма?

Телефонды қуаттаудың естен шығып кете беретін 5 ережесі