«КОРОНАВИРУС ТАРАТА МА?»: 5G ғаламтор желісінің адам өміріне ЗИЯНЫ ҚАНДАЙ?

0
2 258

«Коронавирусты тоқтату үшін ұялы байланыс мұнараларын өртеп жіберу керек».


«КОРОНАВИРУС ТАРАТА МА?»: 5G ғаламтор желісінің адам өміріне ЗИЯНЫ ҚАНДАЙ?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

COVID-19 вирусының пайда болуына және таралуына байланысты ғаламтор беттерінде әртүрлі қауесеттер пайда болғаны анық. Сарапшылар мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) пандемия туралы толық әрі ресми ақпарат беруге тырысқанымен, көптеген адамдар жалған ақпараттарға сенуді әлі де жалғастырып келеді.


Сол жалған ақпараттардың бірі – «5G ғаламтор желісі коронавирус таратады» дегенге саяды. Тіпті, осы пікір аясында белгісіз біреулер Ұлыбританиядағы 20 ұялы байланыс мұнарасын бұзған. Сонымен қатар, The Guardian газеті хабарлағандай, вадалдар Бирмингемдегі мұнараны өртеп жіберген және мұндай оқиғалар Ливерпуль мен Уэст-Мидлендс қалаларында да орын алған екен.

НЕ БОЛЫП ЖАТЫР?

Бейресми ақпарат таратушылар мен қарсы пікір білдірушілер «коронавирусты тоқтату үшін ұялы байланыс мұнараларын өртеп жіберу керек» деп санайды. Олардың пікірінше, коронавирус 2019 жылы байланыс пен телекоммуникацияны жақсарту үшін ашылған 5G сымсыз желісі арқылы таралады. Әлбетте бұл пікірге сену қиын, вирус пен ұялы байланыс қалай байланысады?

Содай-ақ, пандемия басталғанға дейін «ғаламтордың жаңа буынының желілерінен адам денсаулығына зиян келтіруі мүмкін сәулелер бөлінеді» деген әңгіме де көп айтылды. Содан кейін, COVID-19-дың таралуына байланысты көптеген адамдар «бұл вирус емес» деген пікір білдіргенде, «5G жиіліктері адамдардың иммундық жүйесін бұзады» деген ақпарат тарай бастаған, яғни көптеген адамдар «инфекцияны антенналар арқылы әдейі таратады» дегенге сенген. Осындай мазмұндағы хабарламалар қаңтар айының соңында КВИ белгілері АҚШ-тан шыға бастаған кезде Facebook арқылы белсенді түрде тарай бастады.


БАРЛЫҒЫ НЕДЕН БАСТАЛДЫ?

Бұл «теория» бельгиялық дәрігер Крис Ван Керкховеннің жергілікті «het Laatste Nieuws» газетіне берген сұхбатынан кейін бұрынғыдан да көп адамның назарына іліге бастады. Жоғары жылдамдыққа ие ғаламтор желісін коронавируспен байланыстырған дәрігер мақаласының тақырыбы – "5G Өмір үшін қауіпті және оны ешкім білмейді". Атап айтсақ, ол Ухандағы эпидемия 2019 жылы қалада 5G жабдығы орнатылған кезде басталғанын мәлімдеген. Алайда, БАҚ беттеріне шыққан мәлімдеме бірнеше сағаттан кейін өшіріліп, скриншоттар ғана қалған екен.

Дегенмен, бұл қауесеттің тарауы өте жылдам қарқын алады. Тіпті, террористік және порнографиялық материалдарды әлеуметтік желілерден алып тастайтын күштің өзі жалған ақпараттың таралуын жеңе алмады. Содан кейін 30 қаңтарда ультрапастерленген американдық InfoWars сайты "5G коронавирустың өршуінен бірнеше апта бұрын Уханда іске қосылады" деген тақырыпта мақала жариялап, ондағы мәтін пандемия, Билл және Мелинда Гейтс қоры арасында параллель жүргізіледі, сондай-ақ 5G "тұмаудың симптомдарын тудыруы мүмкін» деген мағынада ескерту жасайды. Ал 1 ақпанда Халықаралық экономикалық жүйелерге арналған ZeroHedge қаржы блогы «коронавирус – жасанды биологиялық қару болуы мүмкін» деп хабарлайды. Осылардан кейін алғашқы тақырыпқа ұқсас контенттер жалған ақпарат таратушылар мен жүздеген мың оқырманы бар блоггерлердің арналарында молынан тарап кетті. Тіпті, "Жақсы! Мұның бәрін жағу керек!! Коронавирус – бұл жай ғана құпия вирус... 5G бәрімізді өлтіреді. Ол тым күшті. Мұның бәрі жойылуы керек", - деген пікірлер Facebook желісінде желдей есті.

Оған қоса, 5G антеналары әлі толық орнатылмағандықтан кейбір жерлерде 3G және 4G мұнараларын істен шығарып, ол қашықтан жұмыс істейтін мыңдаған адамға зиян тигізді. Сонымен қатар, вандалдар антенналарды бұзумен шектелмей, ұялы байланыс компанияларының қызметкерлеріне де қауіп төндірді.

5G МЕН КОРОНАВИРУС АРАСЫНДА БАЙЛАНЫС БОЛСА?

Көптеген мамандар мен сарапшылар мұндай мәлімдемелер еш негізсіз қауесет екенін атап өтті. 5 сәуірде коронавирус жөніндегі күнделікті Үкімет отырысында Британдық министр Майкл Гоув 5G туралы теріс пікір қауіпті екенін айта кетті. Ал, NHS (Англияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметі) директоры Стивен Повис бұл жағдайға түсініктеме беріп, «қастандық теориясы – жалған жаңалықтардың ең нашар түрі" екенін жеткізді.

Ал, Би-би-си Рединг университеті жасушалық микробиология кафедрасының доценті, доктор Саймон Кларктың "5G иммундық жүйені төмендетеді, сын көтермейді", — деген пікірін ұсынып, артынан "Иммундық жүйенің жағдайы әртүрлі заттарға байланысты болуы мүмкін — шаршау немесе дұрыс емес диета. Бұл қатты біліне бермейді, бірақ сіз вирус жұқтыруға бейім болуыңыз мүмкін", - деген пікір тарады.

Сондай-ақ, Біріккен Корольдіктің ірі ұялы желілерінің тобы тұтынушыларға ашық хат жолдап, онда 5G мен коронавирус арасындағы байланыстың ғылыми дәлелі жоқ екенін атап өтті. The Guardian-ның мәліметтері бойынша, соңғы уақытта Facebook басшылығына ұялы байланыс мұнараларына зиян келтіру үндеулері орналастырылған үндеулерді бірнеше рет жоюға тура келген. Ал YouTube жаңа буын желілері мен коронавирус симптомдарын байланыстыратын барлық бейнелерді бұғаттаған.

СОНДА 5G ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАУІП ТӨНДІРМЕЙ МЕ?

ДДҰ атап өткендей, электромагниттік сәулеленудің жоғары жиілігі қатерлі ісік қаупін тудыруы мүмкін. Дегенмен, 5G жиіліктері жасушаларға зиян тигізбейтін, иондамайтын сәуле шығарады. 5G жиілігі 4G және басқа да ерте байланыс ұрпақтарынан күшті болуы мүмкін, бірақ зиян тигізуі мүмкін тұстары халықаралық ұсыныстарда белгіленген шектеулерден әлдеқайда төмен. Сонымен қатар, ұялы желілер бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулығы бар ДДҰ "сымсыз технологиялар денсаулыққа ешқандай зиян тигізбейді" деп хабарлады. Бұл бірнеше рет өткен тексерулермен расталған көрінеді. Өйткені олар: «5G жиілігіне бірнеше сынақ жүргізілді, бірақ жалпы әсер халықаралық нормалардан төмен, яғни қоғамдық денсаулыққа ешқандай әсер болмайды" - деген мәлімдеме де жасаған.

Ал Бристоль университетінің педиатрия профессоры Адам Финн: "Қазіргі індет бір адамнан екіншісіне берілетін вирустардан туындайды. Біз мұның шындық екенін білеміз. Біздің зертханамызда жұқтырғандардың бірінен алынған вирус бар. Вирустар мен электромагниттік толқындар, соның арқасында ұялы телефондар мен интернет жұмыс істейді. Бірақ, екеуі екі түрлі нәрсе. Бор мен ірімшік сияқты", - дейді.


СОНДА БҰҒАН КІМ СЕНЕДІ?

Өкінішке қарай, жалған ақпратқа сенетін адамдар жеткілікті. Және ең қауіптісі – олардың арасында әлеуметтік желілерде көптеген оқырманы бар атақты аамдар да жүр. Мысалы, актер Вуди Харрельсон өзінің Instagram-ында 5G және COVID-19 арасындағы байланысты көрсететін материалдармен бөліскен. Ал әнші Кери Хилсон Твиттерге «коронавирус эпидемиясы 2019 қараша айында Уханда жаңа антенналар пайда болғаннан кейін басталды» деген мағынада жазба қалдырған. Кейіннен ол бұл жазбаларды жойып тастаған.


Калифорниялық рэпер YG: "Олар жаңа мұнаралардың қалай орнатылғанын көрсетпеу үшін бізді үйде отыруға мәжбүр етеді...», - деген пікір білдірсе, 5G және коронавирустың байланыс теориясын таратқан басқа атақты адамдар арасында боксшы Амир Хан, әнші Энн Мари, актриса және тележүргізуші Аманда Холден де болды.

Ал demos талдау орталығының аға ғылыми қызметкері Джош Смит: "Коронавирус жағдайы осындай қауесеттерді тарату үшін тамаша жағдай жасады", — деп санайды.

Жалпы, бұл тақырып аясындағы екіге жарылған пікірлер осындай. Коронавирус әлі толық зерттелмегендіктен ешкім де нақты жауап айта алмайды. Дегенмен, маусым күні Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев әлеуметтік желідегі 5G туралы алып-қашпа әңгімеге қатысты пікір білдірдіп, интернет желісінің жаңа буынына төнетін қауіп жайлы ашық айтқан еді. (министр пікірін оқу үшін мәтіннің үстін басыңыз)

Аударған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ.

дереккөз: tass.ru


Тағы оқыңыз:


ЖҮРЕК соғысы мен ҚАН айналымын бақылайтын киім шығады


Адам игілігіне арналған ҒАЖАП технологиялар