Қуаттағышты ТОҚ көзінде қалдыруға БОЛМАЙДЫ!

0
4 428

Қуаттау құрылғысының жұмыс істеп тұрған кезде қызуы қалыпты құбылыс.


Қуаттағышты ТОҚ көзінде қалдыруға БОЛМАЙДЫ!

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Көптеген адамдар телефонның қуаттау құралын әсіресе түнде тоқ көзінде жиі қалдырып кетеді. Ал ешқандай смартфон немесе планшет қосылып тұрмаған құралдың зияны қандай? Не үшін телефон қосылмаған қуаттағышты қуат көзінен ажыратып қою керек?


Электр энергиясының шығыны

Тоқ көзінде тұрған қуаттау құрылғысы телефон қосылмаған жағдайда да электр энергиясын тұрақты тұтынып тұрады. Дегенмен, ол ең аз мөлшерде, яғни шығын айтарлықтай көп болмайды. Бірақ шығыны көп емес екен деп, бейжай қарамай, әрбір тиынды тиімді жұмсап үйренген дұрыс және қуаттағышты тоқтан ажыратуды ұмытпаңыз.


Қуаттағыш тез бұзылады

Өндірушілер қуаттығыштарды орташа есеппен 50 000 сағат жұмыс істей алатын етіп жасайды екен. Бұл шамамен 2000 тәулік немесе 6 жылды құрайды. Демек, қуаттағыштар 6 жыл бойы ақаусыз қызмет көрсетуі мүмкін. Бірақ, олар электр желісінен ажырамай қаншалықты көп тұрса, соншалықты тез бұзылып қалады. Сондықтан, қайта-қайта жаңасын сатып алмас үшін электр көзінен ажыратып жүріңіз.

Өрт шығуы мүмкін

Қуаттау құрылғысының жұмыс істеп тұрған кезде қызуы қалыпты құбылыс. Ал, ол қатты ыситын болса, мәселе басқа. Бұл қуаттағышта немесе электр желісінде ақау бар дегенді білдіреді. Ондай жағдайда бәрін тексерген дұрыс. Әйтпесе, телефон зақымданып, тіпті өрт шығуы мүмкін.


Үйде балалар болса

Егер үйде кішкентай балалар болса, онда қуаттағышты міндетті түрде тоқтан ажыратып, олардың қолы жетпейтін жерге қою керек. Сонымен қатар, стационарлық «розетканы» жауып тұратын қақпақ орнатқан дұрыс. Себебі, балалар қолына кез келген затты алып, «розетканың» тесігіне тығып жіберуі және қуаттағыштың сымын тістеп ойнауы мүмкін. Сондай-ақ, бұл үйде ит немесе мысық асырайтындарға да тікелей қатысты.


Кеңестер:

  • Өз телефоныңыздың «оригинал» қуаттағышын пайдаланыңыз немесе қымбат екеніне қарамай, сапалысын сатып алыңыз. Көптеген адамдар арзан қытай құралдарын таңдайды, бірақ олар тез бұзылып қалады.
  • Қуаттау кезінде телефонды көп пайдаланбаңыз, мүмкіндігінше қуаты толғанша тиіспеген дұрыс.
  • Сапасыз қуаттау құрылғысы тіпті ең мықты батареяны зақымдауы мүмкін екенін есте сақтаңыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


WhatsApp-тағы МӘДЕНИЕТСІЗДІК немесе қандай ЕРЕЖЕЛЕРДІ БҰЗЫП жүрсіз?


Суықта ТЕЛЕФОН ӨШІП қалмау үшін...