Күзде мына гаджеттердің ПАЙДАСЫН КӨРЕСІЗ

0
6 294

Суық мезгілде жаурап жүретіндер үшін таптырмас құрылғылар.


Күзде мына гаджеттердің ПАЙДАСЫН КӨРЕСІЗ

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Әрбір жыл мезгілінің өзіне тән түрлі ерекшеліктері бар. Оны ой-санасы қалыптасқан кез келген адам білетіні анық. Ал, қазіргі дамыған технологияның арқасында сол жыл мезгілдерінде пайдасын тигізетін неше түрлі құрылғы пайда болып жатыр. Солардың ішіндегі күз мезгіліне арналған гаджеттер жайлы сөз қозғағалы отырмыз.


Жылытатын пауэрбанк


«Libertel Maxim» деген атаумен танымал болып жатқан бұл гаджет телефонды қуаттап қана қоймай, қолыңызды да жылытады. Оның корпусында дөңгелек LED экраны және екі батырмасы бар. Сол жақтағы түймені басқан кезде құрылғы қуатының деңгейін көрсетсе, оң жағын басқанда жылыту қызметі іске қосылады да, күзгі суықтан жаураған қолыңызды әп сәтте қалыпты температураға келтіруге көмектеседі.



Аяқкиім кептіргіш

Xiaomi компаниясы өкілдерінің айтуынша, Sothing Zero‑One деп аталатын бұл гаджет су кірген аяқкиімді әп сәтте құрғатады. Гаджет аякиімді кептірер кезде 150 °C-қа дейін қызады екен. Сондай-ақ, корпусы ыстыққа төзімді пластиктен жасалған, яғни құрылғы қызып не еріп кетпейді. Күзгі жауын-шашын кезінде пайдасы мол болары анық.



Геймпад


Күзде көптеген спорттық ойын өндірушілер өз ойындарының жаңартылған нұсқасын шығарып жатады. Ал, оны жасөспірімдер мен балалардың басым бөлігі ойнағысы келетіні белгілі ғой. Оның үстіне күзгі ауарайы құбылмалы болғандықтан, балаларды сыртқа шығару тыйылады. Сол сәтте олардың көңілін аулау үшін геймпадты қолдануға болады. Қазір мұндай құрылғылардың түрі өте көп. Кез келген техника дүкеніне сатып ала аласыз. Бірақ, ойын уақытына шектеу қоюды ұмытпаңыз.



Күртеше

Жаңа технологиямен жабдықталған бұл күртеше қуатталатын батареялары арқылы денені жылытады. Ол киімнің алды мен артына бірдей орнатылған қыздырғыш батареялар 25, 35 және 45 градус режимдерінде жұмыс істейді. Сондай-ақ, қазір ол күртешенің көк, қара және қызыл түстері M-нен 5XL өлшеміне дейінгі аралықта сатылымға шыққан.



5. Шыныаяққа арналған тұғыр

Диаметрі 10 см-ге жуық бұл тұғыр ыдыстағы суды ысытуға арналған. Ол үшін ыдысты құрылғыға қойып, USB сымы арқылы қуат көзіне қоссаңыз болғаны. Оны тіпті ноутбукқа жалғасаңыз да болады. Айта кетейік, құрылғының бетіне материалы жұқа ыдысты қойсаңыз су немесе сусыныңыз тезірек ысиды.



Аяққа арналған жылытқыш


Осындай аяқ жылытқыш гаджет арқылы салқын күзді «жылы маусымға» айналдыра аласыз. Ол үшін қапшықты қуат көзіне қосып, бір рет бірнеше секунд ішінде қыздырып аласыз да, ұзақ уақыт бойы аяқты жылытып отыра бересіз. Негізі бұл жылытқыш 40-60 градусқа дейін қызады. Бірақ, температура режимін қалауыңызға қарай тетікпен реттей аласыз.



Жылытылатын көрпе

Егер, суық мезгілде үйіңіз де жылымайтын болса, осындай электр қуатына қосылып, батареяларымен жылытатын көрпе сатып алсаңыз болады. Бір айта кетерлігі – көрпе қуат көзіне узақ уақыт бойы қосылып тұрып, шектен тыс қызып кетпейді. Яғни бұл құрылғы 4 сағаттан кейін автоматты түрде өшетін қызметпен жабдықталған. Сонымен қатар, дене пішіміңізге қарап өлшемін таңдауға да болады.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Гаджетке кететін уақытты азайтудың ҚАРАПАЙЫМ әдістері


WI-FI-дың қандай ҚАУПІ бар екенін білесіз бе? Мамандар НЕ ДЕЙДІ?