Осыдан 10 жыл бұрын ХИТ болған гаджеттер есіңізде ме?

0
4 937

Уақыт деген зымырап өте шыққан екен ғой.


Осыдан 10 жыл бұрын ХИТ болған гаджеттер есіңізде ме?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Адамзат кеше ғана сенсорлы құрылғыларға қолы жеткеніне қуанып жүр еді. Ал, қазір миллиондаған түрі бар гаджеттердің қайсысын таңдарын білмей дал боламыз. Тіпті, бұрынғы құрылғылардың қандай болғаны да есінен шығып кеткен шығар. Осыған орай он жылға кері шегінгіміз келіп отыр. Жаңа ғасырдың алғашқы онжылдығы түгесілген тұста қандай гаджеттер танымал болған еді?


1. Apple iPhone 4. Осыдан он жылдам астам уақыт бұрын жарық көрген бұл телефонның дизайны мен стилі әлі күнге дейін барлық Apple смартфондарының ішіндегі ең сәттісі болып саналады. Әсіресе, жұқа, жеңіл, пішінінің ыңғайлылығы, металл мен әйнектің үйлесімі жоғары бағаланған. Тағы бір артықшылығы – гаджеттің керемет интерфейсі мен алдыңғы камерасы болатын.



2. Sony PlayStation 3. Бұл ойын құрылғысы сатылымда 2007 жылы пайда болды. Сондай-ақ, бұл тек ойнауға ғана емес, фильм көруге, сүйікті әндерді тыңдауға және ғаламторға кіруге мүмкіндік берген. Сонымен қатар, оның 25 ГБ-тық Blu-ray атты оптикалық дискілері ақпарат тасымалдағыш ретінде қолданылған. Осынау әмбебаптығының арқасында гаджет мол сұранысқа ие болды.


3. Apple iPad. Әлемдік нарыққа 2010 жылы шыққан бұл гаджет тарихтағы алғашқы планшет болмағанына қарамастан жаппай сұранысқа ие болып, нағыз танымал құрылғыға айналды.


4. Nokia N-Gage. Бір кездері танымалдылығы жағынан теңдессіз компания болған Nokia-ның бұл құрылғысы телефон мен шағын ойын консолінің қосындысы болды. Дегенмен, оның түймелері, динамигі мен микрофоны тұтынушылардың көпшілігіне ұнамағандықтан «аңыз» құрылғыға айнала алған жоқ. Оның ең басты артықшылығы – экранының жоғары ажыратымдылығы (176x208), Tomb Raider, Tom Clancy ' s Splinter Cell сияқты бейне ойындардың болуы еді.


5. HTC Dream. Бұл Android операциялық жүйесіндегі ең алғашқы смартфон. Құрылғы 2008 жылы шығарылып, сипаттамалары бойынша iPhone 3G-ден де асып түсті. Оның ерекше пішіні мен жылжымалы пернетақтасы бар болатын.



6. Kinect ойын контроллері. Xbox 360 үшін арнайы жасалған құрылғы ойынды дауыс пен қимылдарды қолдана отырып басқаруға мүмкіндік беретін. Дегенмен, сезімталдығы қазіргідей дәрежеде болмады.


7. Panasonic LS86EE-K. Ал, бұл 2010 жылы танымал болған DVD ойнатқыштарының бірі. Осындай құрылғылардың көмегімен музыка тыңдап, фильмдер мен фотосуреттерді көруге болатын еді. Panasonic LS86EE-K-ның тағы бір артықшылығы – өлшемі өте ықшам және қуаты ұзақ уақыт жұмыс істеуге жететін болған.


8. Cowon D2 – сыйымдылығы 16 ГБ-қа дейінгі жад картасын қолдайтын MP3 ойнатқышы. Шағын құрылғы әдемі дисплеймен, сапалы дыбыс шығарғышпен жабдықталған және толық қуаты 52 сағат бойы музыка тыңдауға жеткен.


9. Samsung PS50C490. Бұл 2010 жылы жарық көрген 3D технологиясын қолдайтын плазмалық теледидар. Ол сол кезеңдегі үздік дисплеймен жабдықталған еді.


10. Sony VAIO Z. 2010 жылдары бұл ноутбук өте ықшам, көпфункциялы әрі жылдам болып саналды. Салмағы 1,5 келіні құрайтын гаджетке Intel Core i7 немесе i5 процессоры орнатылып, ал NVIDIA дискретті чиптері бейне адаптер ретінде пайдаланылды. Және ноутбук Full HD дисплейімен ерекшеленді.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Қытай смартфондарының ЗИЯНЫ КӨП пе?


Балаға қандай планшет әперген дұрыс?