Өзге де гаджеттерге арналған.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Бүгінде адам тіршілігін жеңілдеткен құрылғылардың миллиондаған түрі бар. Олар кез келген адам оңай меңгере алады. Дегенмен, ол техниканың барлығы мұқият пайдаланып, дұрыс күтім жасауды қажет етеді. Осы мақалада гаджеттерді күтіп-баптаудың ең қарапайым әрі өте тиімді тәсілдерін қарастырамыз.
1. Киімге арналған жабысқақ ролик «колонкадағы» шаңды тазалайды
Дыбыс зорайтқыштың шаңын тазалау үшін динамиктегі матаның бетімен роликті жүргізіп өту жеткілікті. Ол шаң-тозаңды өзіне жабыстырып, дыбыс сапасын жақсаруына да оң әсерін тигізеді.
2. Құлаққапты тіс щеткасымен тазалаңыз
Кейде біраз уақыт қолданылмаған құлаққап тесіктерінің өзін шаң басып қалады. Оны оңай тазалау үшін тіс щесткасын қолданған дұрыс.
3. Аксессуар сымындағы кірді өшіргішпен кетіруге болады
Тәжірибе көрсеткендей, құаттағыш, құлаққап сынды аксессуарлардың сымындағы кірді алкоголь қосылған сұйықтықпен тазарту олардың жабысқақ болып қалуына немесе құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне соқтыруы мүмкін. Сондықтан ол кірді қарапайым өшіргішпен тазалаған оңай әрі тиімді болады.
4. Ұңғыма щетка – құлаққап тығатын ұяны тазалауға арналған тамаша құрал
Ұңғыма секілді щетканың көлемі кәдуілгі құлаққап ұясының көлеміне тура келеді және кір қалдырмай тазалап шығады. Бірақ бұл процесстің алдында гаджетті өшіріп қойған жөн.
5. Пернетақтаны тазалау үшін жабысқақ мата қолайлы
Пернетақта бетіндегі, түймелер арасындағы кір мен шаң-тозаңды тазалауға жабысқақ лента өте қолайлы. Ол үшін лентаның жабысқақ бетін қолданасыз, көп күш пен уақыт жұмсамай барлық кірден құтыласыз.
6. Гаджет экранын микрофибра маталарымен тазалаған дұрыс
Гаджеттердің экранын тазалауға қағаз сүлгілерді емес, жұмсақ маталарды қолданған жөн. Өйткені қағаз сүлгілер қатты болғандықтан, шыныны сырып кетуі мүмкін.
7. Кофе сүзгілері де экранды тазартуға тиімді
Ол сүзгі маталардың да құрамында экранның бетіне сызат түсіретін қоспалар болмайды.
8. Ноутбуктың USB портын тазарту үшін қолдан жасалған қарапайым тақтайшаны пайдаланыңыз
Бұл қарапайым құрылғыны жасау үшін сізге: серпімді таяқша, супер желім және синтетикалық тазалық материалы қажет. Яғни синтетикалық материалды кесіп алып, тақтайшаның басына жабыстыру керек. Оның енін USB тесігінен сәл кішірек қылған дұрыс. Сосын материалдың бетіне де желім жағып, сәл кепкеннен кейін ұяшыққа кіргізу керек. Желім шаң-тозаңды жабыстырып алады.
9. Ноутбукты шаңнан шаңсорғыш арқылы тазалаңыз
Ноутбукты шаңнан тазартуды желдету торларынан бастау керек. Ал, бұл тесіктерден шаңды кетірудің ең жақсы құралы – шаңсорғыш. Құрылғыдағы барлық шаңды зиян тигізбей тазалау үшін жұмысты мынандай реттілікпен орындаңыз: ноутбукты өшіріңіз; ашық кітап сияқты етіп қабырғаға тұрғызып қойыңыз; кәдімгі шаңсорғышты алып, оның ауа ағынын желдеткіш торына апарып, 2-3 минут ұстап тұрыңыз.
10. Тіс тазартқыш қуаттағыш портындағы кірді кетіруге көмектеседі
Гаджеттердің қуатталуын әлсірететін негізгі себеп қуаттағыш тығылатын ұяшықтың кірленуі. Ал, оны тазартуға кәдімгі тіс тазартқыш немесе ұшталған жіңішке ағаш көмектеседі. Бірақ, бұл әдіске ЕШҚАШАН металл затты қолданбаңыз!
11. Гаджеттердің шыны экранын қарапайым жұмсақ қағазбен сүртіңіз
Жұмсақ қағаз тек шыны экранды тазартуға ыңғайлы, оны ешқандай жағдайда пластикалық және сұйық кристалды экранға қолдануға болмайды. Бұл планшеттің немесе телефонның экранындағы сызаттардан арылудың тағы бір тамаша тәсілі.
12. Смартфонның экранындағы сызаттарды полиролмен жоюға болады
Аталған әдіс арқылы сызаттардан құтылу кезінде смартфонға зиян келтірмеу үшін оны өшіріп, алдыңғы және бүйірдегі түймелерді, микрофон тесіктерін мен порттарды мұқият жауып қойыңыз. Содан кейін экранға аздап полирол құйып, жұмсақ шүберекпен экранды дөңгелете сүртіңіз.
13. Смартфонның динамигін тазалау
Ол үшін щетка, аз-кем бензин немесе алкоголь және сұйықтық құятын шағын ыдыс алыңыз. Сосын сұйықтықты ыдысқа құйып, щетканы батырып, оны матаға немесе қағазға жағып, сығып алыңыз. Аздап ылғалданған щеткамен динамиктің саңылауын тап-таза болғанша сүртіңіз. Бірақ сұйықтықтың смартфон экранына тигізбеңіз.
14. Тіс щеткасымен динамик және тетіктерді тазалаңыз
Бұл әдісті қолдану үшін сізге щеткадан басқа құрал қажет емес. Тіс щеткасымен ластанған жерлерді күш салмай тазаласаңыз болғаны. Соңдай-ақ, бұл әдіспен ішкі бөлшектерді де мұқият тазалауға болады.
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,
Тағы оқыңыз:
Бұл бағдарламалар Сіздің компьютеріңізде міндетті түрде болуы керек