Смартфоныңыз "СУЫҚТАП" ҚАЛМАСЫН десеңіз

0
4 437

Телефон қатып немесе өшіп қала ма?


Смартфоныңыз

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Әне-міне дегенше, жылдың суық мезгіліне де жетіп қаламыз. Ал,суықта смартфонның қуаты тез таусылып, тіпті құрылғыңызға айтарлықтай зиян тиюі мүмкін. Сондықтан оны суықтан қорғап жүруге тура келеді. Ал, оны қалай жасаймыз? Оны бірге біліп алайық.


Смартфонның батареясын қорғаңыз

Суық температура немесе салқын желдің өзі смартфонға зиян тигізуі мүмкін. Мұндай жағдайда әсіресе батарея зардап шегеді. Яғни, температура неғұрлым төмен болса, батареяның өнімділігі де соғұрлым төмендейді. Сонымен қатар, суықта оның энергияны сақтау қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, қосымша қуат көзін пайдалану да мәселені шеше алмайды. Өйткені, олар да дәл батарея сияқты суыққа шыдамсыз болып келеді. Сондықтан, батареяның нашарлауына жол бермес үшін далада жүргенде гаджетті мейілінше киімнің қалтасы немесе сөмкеге салып қою қажет. Сонда ғана суықтан қорғай аласыз.


Смартфонның қатып қалуына жол бермеңіз

Қазірг көптеген смартфондар төмен температураға тап болса, сұйық кристалдардан жасалған дисплей қатып, ешқандай жұмыс істемей қалады. Тіпті, ойламаған жерден өшіп қалатындары да жетерлік. Мысалы, Apple компаниясы өз өнімін пайдаланушыларға iPhone-ды 0 градустан төмен температурада қолдануға болмайтынын деп ескертеді. Енді басқа да өндірушілер осындай ескерту жасайтын жағдайға жетті.

Сондықтан, алдымен компания ережелеріне құлақ асыңыз. Сосын, сырттан үйге кіргенде телефонды қалтадан бірден шығармаңыз. Себебі, температура бірден өзгергенде телефонның өшіп қалып жатады. Яғни, жылы ауарайына да денесін біртіндеп үйреткен дұрыс. Сонымен қатар, суықта смартфонды көлік ішінде қалдырмаңыз.


Ылғалдан сақтаныңыз

Температураның тез өзгеруіне байланысты смартфонның корпусында электроникаға зиян келтіретін ылғал пайда болуы мүмкін. Мысалы, телефондысалқын ауарайында ұзақ қолданып, үйге кіргенде буланатынын байқайтын шығарсыз. Егер, қысқы спорт түрлерін ұнататын болсаңыз, смартфон салынған қалтаның жылы болатынына көз жеткізіп алыңыз. Өйткені ылғал құрылғының ішкі микрожүйелерін істен шығаруы әбден ықтимал.


Сенсорлық экранға арналған қолғап қолданыңыз

Температура төмендеп, смартфон сыр бергенде сенсорлық экрандарға арналған қолғап та қажет болуы мүмкін. Бірақ, ондай қалғаптардың да түр-түрі болатынын ескеріп, өз смартфоныңыздың экранына сәйкес келетінін таңдап алыңыз. Сонымен қатар, бұл қызметке ескі қолғаптарды да жаратуға болады. Ол үшін саусақ ұшының тұсын тесіп немесе кесіп алып тастау жеткілікті.


Қоңырауға телефонды қалтадан шығармай жауап беру

Кейбір смартфондарда қоңырауға автоматты түрде жауап беруге арналған функциялар болады. Ол болмаса, сондай қызмет атқара алатын құлаққап қолданыңыз. Сонда телефонды суыққа шығармай-ақ сөйлесіп кете бересіз. Оның пайдасы өте мол болады.


Жалпы, қазір біз смартфонсыз өмірді елестете алмайтын жағдайға жеттік. Оның қуаты таусылып немесе қатып қалса кәдімгідей қолайсыздықты сезінеміз. Сондықтан оны қорғап жүрген әрбірімізге тиімді болатын шығар.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Apple компаниясы биыл ҚАНДАЙ құрылғылармен таңқалдырады? Таныса отырыңыз


Телефонның ЖАРАМАЙ қалатынын МЫНА БЕЛГІЛЕРІНЕ қарап біле аласыз