Спортпен айналысуда КЕРЕК БОЛАТЫН ЕҢ ҮЗДІК гаджеттер

0
5 480

Бұл құрылғылардың пайдасы өте мол.


Спортпен айналысуда КЕРЕК БОЛАТЫН ЕҢ ҮЗДІК гаджеттер

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Егер сіз спортпен шұғылдануды қызықты әрі тиімді еткіңіз келсе, онда сізге кейбір құрылғылардың көмегі тиеді. Олар сіздің жүріп өткен жолыңызды, жаққан колорияны, денсаулықтың жай күйін өлшеп қана қоймай, кейбірі қай жаттығуды қанша уақыт жасау керек екендігіне дейін айтып отырады. Дегенмен, ол құрылғылардың арасында да үздіктері бар. Олармен осы мақалада таныса аласыз.


1. Powerbeats Pro. Бұл сымсыз құлаққаптар сүйікті музыкаңызды тыңдай отырып спортпен айналысуға мүмкіндік береді. Олар құлақта ыңғайлы тұрады және арнайы пішінінің арқасында белсенді әрекеттер кезінде құлап кетпейді. Сондай-ақ, музыканы құлаққаптың көмегімен басқаруға болады. Бұл құрылғы толық қуатыпен тоғыз сағат бойы жұмыс істей алады.


2. Garmin Venu 2 GPS. Гаджет сіздің денсаулығыңызды бақылайды. Ол ұйқының сапасы, энергия мөлшері сияқты көрсеткіштерді жинайды. Сонымен қатар, құрылғыдан физикалық белсенділіктің әртүрлі нұсқаларындағы прогресті бақылауға мүмкіндік беретін 25-тен астам қосымшаны таба аласыз: жүзу, велосипедпен жүру және т.б. Құрылғыны смартфонға қосуға болады және сіз әрдайым әлеуметтік желілердегі жаңа хабарламалар, қоңыраулар туралы хабардар боласыз. Дизайн тұрғысынан олар өте стильді көрінеді және қарапайым сағат немесе спорттық аксессуар ретінде пайдалануға болады.


3. Theragun Elite. Ал, мына массажер жаттығудан кейін бұлшықетті қалпына келтіруге көмектеседі. Құрылғы бес түрлі дене бөлігіне массаж жасай алады. Мысалы, арқаға, иыққа, қолға, аяққа және т.б.


4. Hydro power. Мына машина ескек есу спортын ұнататындарға арналған. Онымен жаттығу жасап қана қоймай, арнайы экраны арқылы жетекшілердің жаттығуларын байқауға болады.


5. FORM. Осындай смарт-көзілдіріктердің көмегімен сіз өз нәтижелеріңізді, қашықтықты, уақытты және жаттығу қарқынын көре аласыз. Сонымен қатар, құрылғы бір реттік толық қуатпен 16 сағатқа дейін жұмыс істей алады.



6. Patagonia Capilene Midweight Zip-Neck. Бұл киім суық ауа райының өзінде велосипедпен жүруге мүмкіндік береді. Киім су өткізбейтін материалдан жасалған. Сондықтан жылы болады.


7. Nike Zoom Vaporfly Next% 2. Мына кроссовкалар жүгіру кезінде максималды жайлылық пен икемділікті қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар, бұл модельді көптеген марафон жүгірушілері таңдайды.


8. Tangram Rookie. Егер сіз осы секіруге арналған арқанды пайдаланып, оның арнайы қосымшасын смартфонға жүктеп алсаңыз, қанша рет секіргеніңізді және соның арқасында қанша калорияны жанғанын біле аласыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Android-тың жаңа жүйесі адамдардың ЖАҒДАЙДЫН ЖАСАП ҚОЙҒАН

Смартфон ЗИЯН ба? ПАЙДАЛЫ жағын да көре білейік
Бөлісу