Үй бақшасына арналған пайдалы гаджеттер

0
3 252

Дәл қазіргі уақытта әр адам көкөніс, гүл немесе т.б. өнімдер егіп, үйіндегі бақшасын ретке келтіріп жатқаны белгілі. Тиісінше, үй бақшасына арналған заманауи құралдар да бар.


Үй бақшасына арналған пайдалы гаджеттер

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Дамыған технологияның басты мақсаты – адамдардың жұмысын жеңілдету. Олай болса, бақшадағы еңбегіңізді жеңілдете отырып, өзіндік пайдасын тигізетін, тұтынушылардың пікірі бойынша «үздік» деп танылған гаджеттерге шолу жасайық.


1. Тамшылатып суару жүйесі

Тамшылатып суару – өсімдіктің тікелей тамырына құбырлар, түтіктер көмегімен суды баяу тамшылату арқылы суаруға мүмкіндік беретін жүйе. Сонымен қатар, оны тыңайтқыштарды үнемдейтін ерекше суару түрі деп те атайды. Оның тарихы б.з.б. І ғасырдан бастау алады. Сол заманның ғұламалары өз еңбектерінде егістікті суару үшін жерге сумен толтырылған қыш құмаралардың көмілгендігін жазған. Яғни, жерді ылғалдандыру үшін егіншілер арасында осындай әдіс қолданылған.

Ал, қазіргі заманауи гаджетті қабырғаға, қоршауға немесе ағашқа бекітіп, бақшаңызды суаруға болады.


2. Автоматты таймермен суару

Ал, мына жүйе бақшаны өзі уақытылы суарып тұрады, яғни бақшада болмасаңыз да, Сіздің жұысыңызды істей береді. Ол үшін гаджеттің баптауына суару кестесі мен өсімдіктерге берілетін су деңгейін енгізіп қою керек.


3. Электрокетпен

Гаджеттер әлемінде ерекше жаңалық болған бұл электрокетпен үлкен сұранысқа ие. Ол өзінің өзектері арқылы топырақты оңай қопсытады, арамшөптерді қырқады және қопсыған жердің жиектерін теңестіре алады.


4. Электроқайшы

Бақшадағы жұмысты жеңілдететін тағы бір гаджет – «AccuCut» аккумуляторлы қайшы. Ол сәндік көгалдың жиектерін толық қуатымен 40 минут үздіксіз қырқуға қабілетті. Сондай-ақ, жиынтығында ауыспалы екі пышағы болады. Біреуі шөпке арналған – 8 см-лік, ал екіншісі бұталарға арналған – 12 см-лік пышақ.


5. Торнадо


Заманауи құрал топырақты оп-оңай қопсытуға және арамшөптерді тамырымен жоюға көмектеседі. Ол үшін қопсытқышы жерге қойып, 60 градусқа бұрап, көтеріп қалу керек. Сіз тіпті, оның жерге қалай кіріп-шыққанын байқамай да қаласыз. Негізі «Торнадо» еңбексүйгіш зейнеткерлер үшін өте пайдалы гаджет.


6. Әмбебап қолғап

Бұл – жалғыз өзі ондаған қарапайым жұмыс қолғабынан артық түсетін, қорғаныс қабаты бар резеңке қолғап. Оның көмегімен бақшадағы жұмыстың кез келген түрін істеуге болады: қопсыған топырақты қазу, көшет отырғызу, сұрыптау, жинау, суару, арамшөп жұлу және т.б. Бастысы – қолыңыз зақымданбайды және таза болады.


7. Жәндіктерге қарсы киім

Ал мына құрылғы – қазіргі таңдағы өте қауіпті кенелерден немесе басқа да жәндіктерден қорғайтын киім. Костюм ұсақ-түйекке дейін ойластырылған. Мысалы, оны киген адам көп қозғалатынын ескере отырып, инновациялық материалдардан жасалған, салмағы жеңіл, тыныс алу оңай, су өткізбейді және т.б.


8. Garden Pro –зиянкестерсіз бақша

Garden Pro – бақшаны зиянкестерден қорғайтын, ауру тудыратын микроорганизмдер мен бактериялардың пайда болуының алдын алатын және бақшада жұмыс істейтін заманауи гаджет. Оның көмегімен өсімдіктер сыртқы кері әсерлерге төзімді болып, сабақтары мен тамыр жүйесі нығаяды және өнім көлемі де артады. Ал, адамдарға ешқандай зияны жоқ.


9. «Акваброня»

Жаңбырдан кейінгі немесе суарылған бақшаға таза аяқ киіммен кіріп, таза аяқ киіммен шығу мүмкін емес сияқты. Бірақ, оны істей аласыз! Ол үшін аяқ киімді арнайы суға қарсы құралмен алдын ала өңдеу керек.Сондай-ақ, бұл нәрсе кез келген жолда да қажет. Әсіресе жаңбырлы маусымда. Себебі, бұл құралдың көмегімен ылғал әсерінен қорғалған аяқ киім таза болады және ұзаққа шыдайды.


10. Үркіткіш Garden Gnome Drone

Бұл – қозғалыс датчиктерінің көмегімен бақшаға келетін зиякестер мен басқа да жануарларды қорқытатын құрылғы.


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Телефонды теледидарға қосудың 7 жолы

ЕРЛЕР мерекесіне арналған ЕРЕКШЕ сыйлықтар