ЖҮРЕК соғысы мен ҚАН айналымын бақылайтын киім шығады

0
1 774

Технологияның даму тоқтамайды және технология жылдан жылға біздің өмірімізге терең еніп келе жатыр.


ЖҮРЕК соғысы мен ҚАН айналымын бақылайтын киім шығады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Күнделікті бірге қажетті құрал-жабдықтардың тиімділігі күн сайын артып келеді. Тіпті, алдағы уақытта бұл ерекшелік киімдерде де пайда болмақ. Сонымен, болашақта киімдер қалай, немен жабдықталатынын біле жүрейік.


1. Басқару функциясы бар күрте

Қазір көптеген алып компаниялар нарықтағы бәсекелестікте үздік атану үшін неше түрлі бағытта өздерін сынап көріп жатыр. Соның ішінде инновация арқылы организммен байланыс жасап, смартфонды қалтадан алмай-ақ басқаруға мүмкіндік беретін джинс күртешелер бар. Мысалы, қоңырауды қабылдау немесе музыка трегін ауыстыру үшін пайдаланушы қалтаның сыртынан баса салады. Сондай-ақ, күртеше иесіне смартфонды қалтада қалдырып кеткені туралы хабарлай алады. Бұл күртелердің алғашқы үлгілері 2015 жылы шығарылып, 2019 жылдың күзінде компаниялар жаңа серия ұсынған.


2. Жылытатын киім

Кез келген ауа райы жағдайына бейімделе алатын киім жасау үшін көптеген брендтер жұмыс істеуде. Қызықты нұсқалардың бірі: Blanc компаниясынан шыққан жылытатын киім. Егер салқын жерде жаурамай жүру үшін қалың киіну керек болса және ол киімдер қозғалысқа кедергі келтіретінін сезсеңіз осы киім ол мәселені шешеді. Flare деп аталын киім көміртекті талшықтан жасалған жылыту жүйесі арқылы сізді жылыта алады. Түйме арқылы жылудың үш режиміне қоюға болатын жабдық стильді көрінеді.


3. Жүректі бақылайтын жейде

Болашағынан үміт күттіретін бұл футболка медицина тұрғысынан өте пайдалы. Өйткені, Lenovo компаниясы мен ғалымдар біріге жасаған ақылды киім жүректің жай күйін бақылап отырады. Оған электродтар мен сенсорлар орнатылған, олар нақты уақыт аралығында ақпаратты жинап, күн сайын «облако-ға» жүктейді. Сонымен қатар, жейде пайдаланушының тыныс алуы мен қан қысымын да бақылайды. Алынған деректер талданып, денсаулықтан ақау байқалса, моббильді қосымшаға ескерту келеді. Әзірлеушілерді айтуынша, мұндай тұрақты бақылау жүрек ауруының алдын алып, өмірді сақтап қалуға сеп болады.


4. Түсі мен үлгісін өзгертетін киім

Хамелеон сән әлеміне келгелі көптеген жетістіктерге жеткен және маңызды бөлігіне айналған. Мысалы, Сіз түсі мен түрін өзгерте алатын киімнен бас тартар ма едіңіз? Ұнаса, бұл бағыттағы жұмыстар жүргізілуде және алғашқы үлгілері де бар. Оны интерактивті маталармен жұмыс істейтін Листер Карпати және Естебан де-ла-Тор атты Будапешт дизайнерлері құрастырып, Chromosonic атауын беріп те қойған. Ол киімдердің нихромды жіптері микроконтроллермен жалғанған. Оны қосқан кезде сымдар қызып, түсі мен өрнегін өзгертеді.


5. Денедегі құпия сөз

Ғалымдар ойлап тапқан тағы бір мегажаңалық матаға құпия сөздерді матаға енгізу. Мұндай инновация арқылы киімге кез келген деректерді сақтай аласыз: парольден бастап сәйкестендіру кодына дейін. Сондай-ақ, бұл технология электрониканы пайдаланбайды, мұнда өткізгіш жіптердің магниттік қасиеттері қолданылады. Яғни, қорықпай жуып, үтіктей беруге болады.


6. Жаттығуларға көмектесетін легинстер

Дамыған технология әлемінде медициналық және әскери саламен қатар спортқа да көп көңіл бөлінеді. Мысалы, жаттығу туралы деректерді жинап, талдайтын аяқ киімдер мен футболкаларды айтуға болады. Енді олардың қатарына дененің күйін анықтап, жаттығу барысында аяқтардың дұрыс орналасуын реттейтін леггинс қосылды. Егер сіз дұрыс позада тұрмасаңыз, ол дірілдеп сигнал береді.

Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Бұл гаджеттерді кез келген адам САТЫП АЛҒЫСЫ келеді


Өмірге деген көзқарасты өзгертетін ЖАҢА ӨНЕРТАБЫСТАР