1 наурыздан бастап темекі қымбаттайды

0
736

Бұйрық 2022 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енеді.


1 наурыздан бастап темекі қымбаттайды

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрi 2022 жылғы 22 ақпандағы бұйрығымен сүзгiсi бар, сүзгiсiз темекілердің, папиростардың минималды бөлшек сауда бағасын белгіледі, деп жазады Zakon.kz.

Сонымен, сүзгісі бар, сүзгісіз темекінің, папиростың 20 талының ең төменгі құны:

  • 2022 жылғы 1 наурыздан бастап 2022 жылғы 30 маусымды қоса алғанда 550 теңге;
  • 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда 570 теңге;
  • 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 600 теңге.

Бұйрық 2022 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енеді.