1%-тік кредит беріледі – әкімдік мұндай несиені кімдер ала алатынын хабарлады

0
607

Биыл аймақта шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында "Mangystau business" бағдарламасын іске асыру жоспарланып отыр.


1%-тік кредит беріледі – әкімдік мұндай несиені кімдер ала алатынын хабарлады

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында жаңадан бизнес ашқан адамдар 1 проценттік жеңілдетілген несие ала алады, деп жазады Sputnik.kz.

Биыл аймақта шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында "Mangystau business" бағдарламасын іске асыру жоспарланып отыр. Соның аясында өз ісін жаңадан бастаған жеке кәсіпкерлерге жылдық 1 проценттік кредит беріледі.
Облыс басшысы Нұрлан Ноғаев айтуынша, туризм саласына ден қою керек. Себебі өңірдің туристік тартымдылығын арттыру - облыстағы әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарының бірі.
1 проценттік кредиттің шарттары:
кредит көлемі – 50 миллион теңгеге дейін;
мерзімі – 5 жыл.
Бағдарлама аясында 50 жаңа жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде 100-ден астам жұмыс орны ашылады. Кредит алатын адамдарға жасқа байланысты шектеу қойылмайды.
"Өңіріміздің әр ауылында қолөнермен айналысатын, киіз өңдеп, ұлттық стильдегі қолөнер бұйымдарын жасайтын адамдар бар екеніне бірнеше рет назар аудардым. Неге осындай ерекше дүниелерімізді, жергілікті туризмді сапалы жаңа деңгейге шығармасқа" – дейді Ноғаев.
Айта кетері, жыл басынан бері облысқа шетелден және еліміздің басқа өңірлерінен 310 мыңнан астам турист келіп кеткен. Бұл өткен жылдың дәл сол кезеңімен салыстырғанда 6%-ға артық.
Жыл басынан бері 6 рейс іске қосылған. Олар: Ақтау-Лондон, Ақтау-минералды сулар, Ақтау-Екатеринбург, Ақтау-Санкт-Петербург, Ақтау-Уфа мен Ақтау-Сочи.