10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

0
1 276

Қазақстандықтар 10 қаңтарда жаппай тәртісіздіктер кезінде қаза тапқандарды аза тұтады.


10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

ERNUR.KZ. 10 қаңтар – Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай Жарлыққа қол қойған болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты биылғы 10 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау жөнінде шешім қабылдады.

Тәртіп бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні мемлекеттік органдар мен жергілікті әкімдіктердің, шекаралық дипломатиялық мекемелердің ғимаратындағы мемлекеттік ту төмен түсіріледі.

Ойын-сауықтық шаралар мен осы мазмұндағы телебағдарламалар тоқтатылады. Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері Қазақстанда аза тұту күні осымен 11-ші рет жарияланып отыр. Ал бұл қазақстандықтар үшін соңғы екі жылдағы төртінші қаралы күн.