105 жастағы ақтөбелік әжей онлайн бата береді

0
1 207

Оның батасы туыстары арасындағы ең құнды.


105 жастағы ақтөбелік әжей онлайн бата береді

ERNUR.KZ. Ақтөбеде 105 жастағы әжей WhatsApp арқылы бата беріп жүр, деп жазады Stan.kz.

Соғыс жылдарында колхозда сауыншы болған Жәкібай Бисенғалиева 105 жаста. Ол немересімен бірге тұрады.




"Әженің үш баласы болды, біреуі кішкентай кезінде, қызы - 15 жыл бұрын көз жұмды, бір ұлы қалды, ол соның ұлымен бірге тұрады. Әже 100 жастан асса да, оқи алады, өзіне қарайды және денсаулығына шағымданбайды. Кейуананың сүйікті ісі - теледидар көру. Ол жаңалықтарды қадағалап отырады: президенттің не істеп жатқанына, бізде және әлемде коронавирусқа қатысты жағдай қандай екеніне қызығушылық танытады, сериалдарды жіберіп алмайды, қазір оған "Сүлейман сұлтан" ұнап қалды", - деді келіні Сандина.


Әже 80 мың теңге алады. Жартысын туыстарына береді, жартысын шашуға және сыйлықтарға қалдырады: тойға барғанды ұнатады, бірақ соңғы кездері мерекелер болмағандықтан, ол аздап зерігіп жүр екен.

Оның батасы туыстары арасындағы ең құнды. Әулеттің құрметті өкілі ретінде одан тұсау кесер рәсімін және басқаларын орындауды сұрайды, ал әже ықыласпен келіседі. Қазір ол WhatsApp-та онлайн бата береді.

1 қазан күні Ақтөбе әкімдігінің өкілдері Жәкібай Бисенғалиеваны құттықтауға келеді. Бұл күні қала билігінен барлығы сегіз ақтөбелік және 19 соғыс ардагері сыйлық алды.

Ақтөбенің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде хабарланғандай: сегіз ұзақ өмір сүргендердің бірі - Айжамал Мырзағалиева - 103 жаста, екеуі - Петр Ходус пен Азифа Алгалиева - 102 жаста, Наталья Перевязко - 101 жаста және үшеуі - Тараз Алдиярова, Алуа Ержанова, Бақыткерей Пшибаева - 100 жаста.