"14 жастағы оқушы қыздың зорлануы": Министр пікір білдірді

0
770

Бұрынғы полицейлер қамауға алынған.


ERNUR.KZ. Ішкі істер министрі Ержан Саденов Алматы облысында болған жайтқа қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

Тілшілер ведомство басшысынан "Алматы облысында екі полицей 14 жастағы жасөспірім қызды зорлаған. Бұл деректі растай аласыз ба? Күдіктілер қамауға алынды ма?" деп сұрады.

"Өкінішке қарай, бұл деректің болғаны рас. Бұрынғы құқық қорғау қызметкерлері аталмыш қылмысты жасады. Бұл жағдайдан кейін қызметтік тексеріс жүргізіліп, дисциплинарлық комиссияның отырысы өткізіліп, бұрынғы қызметкерлер ішкі істер органы саласынан шығарылды. Бұдан бөлек күдіктілер қылмыстық іс шеңберінде қамауға алынды. Қазір тексеру амалдары жүргізіліп жатыр", - деді министр Мәжіліс кулуарында.

Оның сөзінше, күдіктілер қылмыс жасаған кезде құқық қорғау органы сапында жұмыс істеген.

ІІМ басшысы оқиғаның мән-жайын айта алмайтынын, қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлімдеді.