1414 нөмірінен код жібереді: мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтық туралы ескертті

0
273

Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге жеке мәліметтерін ешкімге бермеуді ескертеді.


1414 нөмірінен код жібереді: мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтық туралы ескертті

фото: Pixabay / Bryan Santos

ERNUR.KZ. Мемлекеттік кірістер комитеті атынан қоңырау шалатын алаяқтарға қатысты ескерту жасады, деп жазады sputnik.kz.
"Алаяқтар бұрыннан белгілі схема бойынша әрекет етеді-салық төлеушінің салықтық хаты бар немесе шоты бұғатталған деп мәлімдейді. Мәселені шешу және айыппұлдарды болдырмау үшін бетпе-бет кездесуге онлайн брондау ұсынылады. Содан кейін кодты 1414 нөмірінен жәбірленушінің телефонына жібереді және брондау процесін аяқтау үшін кодты жазуды сұрайды", - деп жазылған мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында.
Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге жеке мәліметтерін ешкімге бермеуді ескертеді.
Сондай-ақ МКК қырағылық танытуға және жалған хабарламаларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, ақша аударуға, алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге кеңес береді.