Препаратты 11-12 жас аралығындағы қыздар тегін алады.
Қазақстанда келесі жылдан бастап қыз балаларға жатыр мойыны обырына қарсы вакцина салына бастайды. Препаратты 11-12 жас аралығындағы қыздар тегін алады. Екпе тек ата-ананың қалауымен жасалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.
"Он жыл бұрын жатыр мойыны обыры көбінесе 50 жастан асқан әйелдерде пайда болатын. Бірақ бүгінгі күнге концрегистр бойынша айта аламыз, жатыр мойыны обыры жасарып бара жатыр. Бүгінгі күнде 40-тан асқан әйелдерде пайда болатын болды. Сондықтан жатыр мойынына қарсы вакцинация мен скрининг өте маңызды болып саналады. Біз осындай жолмен жатыр мойынын тоқтатуға әсер етуіміз керекпіз", - дейді Алматы онкология орталығының бөлім меңгерушісі Райхан Болатбекқызы.
Елімізде жыл сайын 1700-ден астам келіншек осы онкологиялық ауруға шалдықса, оның алты жүзі көз жұмады екен. Жатыр мойыны обырымен күресіп жүрген әйелдердің бәрінен бірдей папиллома вирусы анықталады. Яғни, ол қауіпті дерттің басты қоздырғышы. Бұл вирус жыныстық қатынас арқылы таралады.
Жатыр мойыны обыры әйелдер 40 жастан асқан кезде асқына бастайды. 2024 жылдан бастап елімізде 11-12 жас аралығындағы қыздарға салынатын америкалық вакцинаны 90 мемлекет ұлттық иммунизация бағдарламасына енгізген. 16 ел аурудың алдын алу үшін осы екпені салып жатыр. Медицина мамандары аталған препарат кәмелеттке толмаған қыздардың денсаулығына ешқандай зияны жоқ деп отыр.
"Вакцина салынған соң адамның дене қызуы көтерілуі мүмкін. Бұл екпені әлем бойынша миллиондаған ұл-қыз алған. Препарат бала тууға ешқандай кері әсерін тигізбейді. Ол 100 пайыз дәлелденген. Вакцина қауіпті дерттің алдын алуға көмектеседі. Екпеден қорқып, уайымдауға негіз жоқ", - ДДСҰ обырды зерттеу жөніндегі халықаралық агенттігі скрининг топтың басшысы Парта Басу.