2027 жылға дейін 1,3 мың шақырым жаңа теміржол салынады

0
292

Бұдан басқа, 12 мың шақырым жол салу және реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.


2027 жылға дейін 1,3 мың шақырым жаңа теміржол салынады

фото: пресс-служба АО "Казахстан темир жолы"

ERNUR.KZ. 2027 жылға дейін Қазақстан 1,3 мың шақырым жаңа теміржол желісін салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы үкімет отырысында көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров айтты, деп жазады sputnik.kz.
Қалиақпаров премьер-министрге перспективалы инфрақұрылымдық жобалар туралы баяндады.
"2027 жылға дейін Қазақстанда 1,3 мың шақырым жаңа темір жол желісін салу, ал 2029 жылға дейін 11 мың шақырым темір жол учаскелеріне жөндеу жұмыстары жоспарланған, оның 2,8 мың шақырымында жұмыстар аяқталды", - деді ол.
Бұдан басқа, 12 мың шақырым жол салу және реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның 7 мыңы биыл аяқталады. Автокөлік тасымалдарының тиімділігін арттыру үшін 2029 жылға дейін ЕАЭО ішкі шекарасындағы 36 өткізу бекетін жаңғырту жоспарланып отыр.
Көлік министрлігінің мәліметінше, қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде темір жол тасымалы бойынша экспорт 130 млн тоннаға дейін жеткізіледі, импорт пен транзит көлемі тиісінше 60% және 65%-ға артады. Автокөлік тасымалдары бойынша экспорт пен импорт 2 есеге, транзит 6 есеге артады деп болжануда.