21 тамызда Алматы әуежайында жолаушы жоғалтып алған мысық табылды

0
195

Мысық әуежай маңындағы футбол алаңында табылған.


21 тамызда Алматы әуежайында жолаушы жоғалтып алған мысық табылды

ERNUR.KZ. Тамыздың соңында Алматы әуежайына ұшақ қону кезінде жолаушыдан қашып кеткен Томас есімді қара мысық тірі және сау табылды. Бұл туралы жануарды іздеумен айналысқан еріктілер мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Еріктілердің айтуынша, мысық әуежай маңындағы футбол алаңында табылған. Оны күзетшілер көріп, ұстап алды, содан кейін иесіне қайтарды. Мысықтың біршама салмақ тастағаны байқалады, бірақ ол дін аман.


Мысықтың жоғалғаны туралы оның иесі Instagram парақшасында айтқан болатын. 21 тамызда Томас Алматы әуежайында егесінен қашып кеткен. Ол жуынатын бөлмеге қарай қашып, адамның қолы жетпейтін орынға тығылған, қыз оны өз күшімен шығара алмай, мысықты қалдырған.