28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы ескерткіштердің тақтайшалары ұрланған

0
930

​Жедел-тергеу тобы құрылды.


28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы ескерткіштердің тақтайшалары ұрланған

ERNUR.KZ. Алматы қаласы Медеу ауданының полиция бөлімі 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы мемориалдық ескерткіштерден шойын тақтайшалардың ұрлануы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп жазады inbusiness.kz.

"Жедел-тергеу тобы құрылды. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, Медеу ауданының полиция басқармасында тергеу амалдары жүргізілуде", - деп жазылған хабарламада.

Полиция жедел шаралар кешенін өткізу барысында қылмыстың мән-жайы мен кінәлілер анықталып, кейін олар жауапкершілікке тартылатынын айтты. "Тергеу барысы Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деп жазылған хабарламада.

Жеңістің 30 жылдығына орай саябақтың орталық бөлігінде орнатылған мемориалдық ескерткіштердегі шойын тақтайшалар мен гранитті триптихтен жасалған металл әріптер, жуырда жоғалып кеткен. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, саябақта батырлардың аты-жөні жазылған 15-ке жуық тақтайша бүлініп, гранит тақтайшалары сынған. Мәңгілік алау жанындағы орталық мемориалдағы жазу да бүлінген.