51 жастағы ер адам өз үйінде тірідей жанып кетті

0
1 596

Құтқару жасағының қызметкерлері жеткенге дейін лапылдаған от үйдің шатырына дейін шарпып үлгерген


51 жастағы ер адам өз үйінде тірідей жанып кетті

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысына қарасты Серебрянск қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен шыққан өртте 51 жастағы ер адам қаза тапты, деп жазады altaynews.

Құтқару жасағының қызметкерлері жеткенге дейін лапылдаған от үйдің шатырына дейін шарпып үлгерген екен. Олар қызыл жалынды бір жарым сағатта әрең дегенде ауыздықтаған. Тілсіз жау жалмаған аумақ 110 шаршы метрді құрайды.

Мамандар қауіпсіздік ережелерін сақтамау себебінен осындай жағдай орын алуы мүмкін деген болжам жасауда. Қазіргі кезде өрттің шығу себеп-салдары анықталып жатыр.