65 баспана: БАҚ қызметкерлеріне Тоқаевтың атынан пәтер берілді

0
794

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында қажырлы қызмет атқарып келе жатқан бірнеше азаматты баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды.


65 баспана: БАҚ қызметкерлеріне Тоқаевтың атынан пәтер берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан БАҚ саласында еңбек етіп келе жатқан 65 қызметкерге пәтер берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы президентттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында жазды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында қажырлы қызмет атқарып келе жатқан бірнеше азаматты баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды.

"Мемлекет басшысының атынан Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында 65 пәтердің кілтін табыстадым. Марапатталғандардың қатарында журналистер, режиссерлер, монтажерлар, операторлар және басқа да мамандық иелері бар. Пәтерлер "Дара" президент бастамаларының қоры атынан берілді. Келе жатқан мереке құтты болсын, әріптестер!", – деп жазды Руслан Желдібай.