15 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 200 адам коронавирус инфекциясынан емделуде.
ERNUR.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы мәлімет жариялады, деп жазады baq.kz.
Елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 15 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 200 адам коронавирус инфекциясынан (–2 051+ және 149 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 220 пациент стационарда, 1 980 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 7 адамның жағдайы ауыр,
• 7 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.