"Pfizer" вакцинасы тек жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға салынып жатқаны белгілі.
ERNUR.KZ. 26 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 8 947 986 адам, 2-компонентін 8 459 231 адам салдырды, деп жазады inbusiness.kz.
"Pfizer" вакцинасы тек жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға салынып жатқаны белгілі. Бүгінде 80 176 – жасөспірім, 5 451– жүкті әйел, 13 853 бала емізетін әйел екпені толық салдырған, яғни екі компонентін де алған. Ал 230 986 жасөспірім, 16 483 жүкті әйел, 40 562 бала емізетін ана І компонентін ектірген.