Зорлау оқиғасы 2023 жылдың наурыз айында Абай облысының бір ауданында орын алған.
ERNUR.KZ. Абай облысында қызды зорлады деген күдікке ілінген адам Ресейде ұсталды, деп жазады ulysmedia.kz.
"Кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Новосибирскіде ұсталды", - деп хабарлады Абай облысының Полиция департаменті.
Зорлау оқиғасы 2023 жылдың наурыз айында Абай облысының бір ауданында орын алған.
Бұған дейін Қостанай облысында бес жасар қыз жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған болатын. Бұл қылмысқа 8, 12 және 13 жастағы үш бала күдікті болып отыр.