Абай облысында науқастарға мерзімі өтіп кеткен препарат қолданған

0
272

Медициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылды.


Абай облысында науқастарға мерзімі өтіп кеткен препарат қолданған

ERNUR.KZ. Абай облысындағы мекемелердің бірінде Мақаншы ауданының прокуратурасы көптеген заңбұзушылықты анықтады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Тексеру барысында дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмауы, құрамында есірткі бар ампулалардың уақтылы жойылмауы және дәрі-дәрмектердің дұрыс тағайындалмауы секілді фактілер әшкере болды.

Сонымен қатар, ота жасау кезінде науқастарға мерзімі өтіп кеткен «Кетам» анестезия (наркоз) препараттарын қолдану фактілері орын алған.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде медициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, 12 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы бойынша 1,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.