Адам папилломасы вирусы: 23 мыңға жуық қыз бала екпе алды

0
372

Вакциналау 11 және 13 жас аралығындағы қыздар арасында ерікті түрде жүргізіледі.


Адам папилломасы вирусы: 23 мыңға жуық қыз бала екпе алды

Фото: freepik

ERNUR.KZ. Қазақстанда 23 мыңға жуық қыз бала адам папилломасы вирусына қарсы екпе алды. Обыр дертін шақыратын 16,18 типтегі вирусқа қарсы егілу науқаны қыркүйекте басталған еді, деп жазады zakon.kz.

Вакциналау 11 және 13 жас аралығындағы қыздар арасында ерікті түрде жүргізіледі.

Айта кетейік, екі компоненттен тұратын екпе бағасы – 54 мың теңге. Вакцина адам папиломасы вирусының бірден төрт түріне әсер етеді.

Дәрігерлердің айтуынша, бойында вирусы бар жандар да осы вакцинаны салғыза алады.

Жатыр мойны обырының қатерін азайту мақсатында ересек әйелдер де екпе алуға ниет танытып жатқан көрінеді. Осы себепті елге ересектерге арналған екпені алдыру қарастырылып жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының екі мың дерегі тіркеледі.