Адам саудасы және еңбек құлдығы: Қазақстанда ҰҚТ әрекеті әшкереленді

0
131

Астанада жыныстық қанау бойынша жүйелі түрде қылмыс жасаған, ҰҚТ-ның қылмыстық әрекеті тоқтатылып, 5 күдікті адам қамауға алынды.


Адам саудасы және еңбек құлдығы: Қазақстанда ҰҚТ әрекеті әшкереленді

ІІМ жүйелі негізде ұйымдасқан сипаттағы адам саудасына және онымен байланысты қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарашаның аяғында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелерімен "STOP-трафик" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп – осындай 44 қылмыс анықталды. Адамдардың "трафигіне" байланысты ұйымдасқан қылмыстық топқа (ҰҚТ) қатысқаны үшін соталды 2 қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды.

Атап айтқанда, Астанада жыныстық қанау бойынша жүйелі түрде қылмыс жасаған, ҰҚТ-ның қылмыстық әрекеті тоқтатылып, 5 күдікті адам қамауға алынды.

"Сондай-ақ Павлодар облысында осындай ҰҚТ-ның жолы кесіліп, 5 қылмысқа қатысушы тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Еңбекке қанау деректерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Абай облысында, 3 жыл бойы 40 жастағы ер адамды физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп, еңбек қанауында ұстаған шаруа қожалығының иесі ұсталды. Жәбірленушіге Медициналық және психологиялық көмек көрсетілді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қонаевта казинолардың бірінде жүйелі негізде сексуалдық сипаттағы қызметтер көрсету фактілері анықталды.

Полицияға 14 адам, оның ішінде осы мекеменің қызметкерлері жеткізілді. Осыған ұқсас қылмыстар бүкіл елде анықталды. Осы бағыттағы іс-шаралар жалғасып жатыр.