АЭС бойынша референдум ашық өтті – ТМҰ байқаушылары миссиясының қорытындысы

0
470

Байқаушылар нәтижелерге әсер ететін техникалық қиындықтарды тіркеген жоқ, барлық учаскелерде қоғамдық тәртіп сақталды.


АЭС бойынша референдум ашық өтті – ТМҰ байқаушылары миссиясының қорытындысы

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Түркі мемлекеттерінің ұйымы миссиясының мүшелері АЭС салу мәселесі бойынша референдумды байқау жұмысының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Миссия басшысы, ТМҰ Бас хатшысының орынбасары Сади Джафаров атап өткендей, миссия референдумда 24 учаскеде бақылау жүргізді, олар дауыс беруге қажетті барлық құралдармен жабдықталған. Сондай-ақ, дауыс берушілердің құқықтары толығымен сақталды

Сади Джафаровтың айтуынша, миссия ашықтықты қамтамасыз ету үшін ұлттық байқаушылардың белсенді қатысқанын көрді. Байқаушылар нәтижелерге әсер ететін техникалық қиындықтарды тіркеген жоқ, барлық учаскелерде қоғамдық тәртіп сақталды.

«Түркі мемлекеттерін ұйымының байқау миссиясы референдумның Қазақстан заңнамасына және халықаралық стандарттарға сәйкес ашық өткенін растайды. Миссия референдум - бұл Үкіметтің стратегиялық мәселелерді жүзеге асыруға және қоғаммен диалогты жалғастыруға деген ұмтылысын көрсететін маңызды оқиға», - деді миссия басшысы, ТМҰ Бас хатшысының орынбасары.