АЭС салу бойынша референдумда қазақстандықтардың 61,56 пайызы дауыс берді

0
1 171

АЭС салу бойынша референдумда дауыс беру көрсеткішінде Қызылорда облысы көш бастап тұр.


АЭС салу бойынша референдумда қазақстандықтардың 61,56 пайызы дауыс берді

Фото: Ақорда

ERNUR.KZ. Қазақстанда АЭС салуға қатысты референдумда 18:00-дегі жағдай бойынша қазақстандықтардың 61,56 пайызы дауыс берді, деп жазады stan.kz.

Облыстық, республикалық және астаналық комиссиялардың сағат 18.00-дегі мәліметі бойынша, тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 61,56 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

Фото: ОСК ҚР

Оның ішінде:

  1. Абай облысында – 64,24%;
  2. Ақмола облысында – 68,98%;
  3. Ақтөбе облысында – 72,31%;
  4. Алматы облысында – 67,77%;
  5. Атырау облысында – 60,80%;
  6. Батыс Қазақстан облысында – 64,41%;
  7. Жамбыл облысында – 57,76%;
  8. Жетісу облысында – 64,24%;
  9. Қарағанды облысында – 69,48%;
  10. Қостанай облысында – 70,99%;
  11. Қызылорда облысында – 79,87%;
  12. Маңғыстау облысында – 51,38%;
  13. Павлодар облысында – 62,51%;
  14. Солтүстік Қазақстан облысында – 63,72%;
  15. Түркістан облысында – 74,23%;
  16. Ұлытау облысында – 67,77%;
  17. Шығыс Қазақстан облысында – 72,58%.
  18. Астанада – 49,35%;
  19. Алматыда – 22,91%;
  20. Шымкент қаласында – 68,89%.

Сайлаушылардың сайлауға қатысуының алдын ала қорытындылары туралы ақпарат сағат 21.00-де беріледі.