«Ағасын пышақтап, қызды зорламақ болған»: зардап шеккен қыз ауруханадан шығады

0
770

Ағасы әлі де ауруханада қалмақ.


«Ағасын пышақтап, қызды зорламақ болған»: зардап шеккен қыз ауруханадан шығады

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында көршісінен зәбір көрген 14 жастағы қыз ертең ауруханадан шығады. Бұл туралы Жетібай ауылдық ауруханасының директоры Берік Қаунов мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Пациенттердің жалпы жағдайы жақсы деп айтуға болады. Қазір олардағы операциядан кейінгі жаралар орнының ауырсынуы қалыпты жайт. Жара орындарында қабыну белгілері жоқ, таза. Қазіргі уақытта пациенттерді облыс орталығына ауыстыру қажеттілігі туындап отырған жоқ. Қыз баланы ертең ауруханадан үйіне шығарамыз деп жоспарлап отырмыз. Ал ағасы әлі де ауруханада дәрігерлік бақылауда болады», - деді Б.Қаунов.

Айта кетейік, 23 қаңтар күні Жетібай ауылының тұрғыны көрші тұратын 20 жастағы жігіт пен 14 жастағы қызды пышақтап, қыз баланы зорламақ болған еді. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.