Аида Балаева: Әйел затына жасалған зорлық-зомбылық қылмыстар жантүршігерлік сипат алуда

0
1 226

Айтулы датада ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеме жасады.


Аида Балаева: Әйел затына жасалған зорлық-зомбылық қылмыстар жантүршігерлік сипат алуда

Бүгін - Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық күрес күні. Айтулы датада ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаева мәлімдеме жасады.

Бұл туралы министр Facebook-тегі парақшасында видео жариялады.

"Бүгін - әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық күрес күні. Бұл дата біздің еліміз үшін несімен маңызды, мәні неде, тәлімі қандай? Бұл сұрақтарға жауап қоғамның өзінде жатыр. Өкінішке қарай, әйел затына жасалған зорлық-зомбылық қылмыстар жантүршігерлік сипат алуда. Ең сорақысы, қоғамның бір бөлігінің осындай зомбылыққа еті үйреніп, тұрмыстық әдетке ысыра салуға бейім тұр. Ал осы күні таяқ пен қорлықтан, психологиялық, жыныстық, тіпті экономикалық тұрғыдан зардап шегіп, өмірін өксікке толтырған мыңдаған әйел кейбіреулер үшін тілсіз статистика", - дейді Аида Балаева.

Айта кетсек, 15 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдары басшыларымен кеңес өткізді. Президент жиында: "Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм, дөрекілік және бұзақылық сияқты Заң мен Тәртіп бұзушылықтың кез келген түріне мүлде төзбейтін әрі оны қатаң айыптайтын жағдай қалыптастыру қажет. Әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсету фактілерінің батыл түрде жолын кесу керек", - деді.