Әйелдің білмейтін екі-ақ нәрсесі бар - Нұрсұлтан Назарбаев

0
2 029

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша аналар мен қыз-келіншектерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.


Әйелдің білмейтін екі-ақ нәрсесі бар - Нұрсұлтан Назарбаев

ERNUR.KZ. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаһандану жағдайында ұлттық құндылықтарды сақтау мәселесін көтерді, деп жазады ҚазАқпарат.

"Қазіргі жаһандану заманында қазақ қызына тән асыл қасиеттерді сақтап қалудың маңызы зор. Мен осыны ылғи айтып жүремін. Ибалы қыз, инабатты келін, ардақты аналарымыз көп болса, өскелең ұрпақтың болашағына алаңдамаймыз", - деді Н.Назарбаев. Президенттің айтуынша, дүниеде әйелдің білмейтін екі-ақ нәрсесі бар. Біріншісі, кешке қандай тамақ жасаймын деп қобалжиды. Екіншісі, тойға барғанда қандай көйлек кисем екен деп ойланады. "Гардеробтың іші толып тұрса да, бәрібір киетін ештеңе жоқ. Баяғыда Төле бабамыз "әйелің жақсы болса, бірінші - иманың, екіншісі - жиғаның, үшіншісі - ырысың" деп айтқан екен. Сіздер әрдайым ер азаматтарға қолқанат болып, оларды үнемі қолдап келесіздер", - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, кездесу кезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша аналар мен қыз-келіншектерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Айта кетейік, кездесу кезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша аналар мен қыз-келіншектерді 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

«Ананың құдіреті шексіз. «Оның алдында бүкіл дүние бас иеді» деп тегін айтылмаса керек. Ерте заманда жауласқан жұрттың ортасына ана ақ жаулығын тастаған кезде соғыс тоқтап, бітімге келетін болғанын білеміз. Дәстүрімізді барынша сақтап келе жатқан біз әйел затын әсіресе қадірлейтін xалықпыз. Қазақ ұлты қыз баланы әр уақытта алақанына салып, аялап отыратын. Бұл салтымыз отбасы үшін бұзылмас заңдылыққа айналып келеді. «Ана» деген қастерлі сөзді естігенде тебіренбейтін жүрек жоқ, толқымайтын көңіл болмайды», - дейді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы көпбалалы отбасыларға көмек беру мәселесін қозғады.

Сондай-ақ, екі анаға анаға «Алтын алқа» мен «Күміс алқаны» салтанатты түрде тапсырды.