«Әйелі, баласы бола берсін»: тоқал болғысы келетін жас қыздарға арналған жеңгетайлық жоба көпшілікті шошытты

0
346

Жоба тек мұсылмандарға арналған.


«Әйелі, баласы бола берсін»: тоқал болғысы келетін жас қыздарға арналған жеңгетайлық жоба көпшілікті шошытты

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде мұсылмандардың отбасы құруы үшін танысуына көмектесуге арналған халықаралық «Махрам» жобасы бар, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Мұсылман жас қыздардың неке құруына арналған видеолар сипаттамаларымен жарияланып отырады. Солардың бірі - 17 жастағы Шахизада, Алматы қаласынан.

«Тұрмыста болмағанмын, балаларым жоқ. Колледж тәмамдадым. Қазақ және орыс тілдерін білемін. Ол туралы айтатын болсам: 18-25 жас аралығында, балалары болса да, қарсы емеспін. Ең бастысы, Қазақстанда тұруы керек. Көп әйел алуын құптаймын. Көшіп кетуді де қарастырамын», - делінген видео сипаттамасында.

Осы сынды отбасы құруға дайын әйелдер мен ерлердің сауалнамалары өте көп. Видеоларға жазылған пікірлер де бір-біріне кереғар.

«Соңғы кезде байқағаным, дінге қатты берілгендердің өз ұлтына деген жанашырлығы жоқ сияқты. Бұл ислам ғой, демеуші іздеудің қажеті жоқ. Сектаға ұқсайды екен, тұрмысқа шығуға сонша асыққандары болмады. Жас қыздарға жеңгейтай болуға қорықпайсыңдар ма?», - деп жазған олар.