Әйелі мен қызын кепілде ұстаған: қарағандылық нашақор туысының пәтерін өртеп жіберген

0
607

Қарағандының нашақор тұрғыны бір айда екі бірдей қылмыс жасаған.


Әйелі мен қызын кепілде ұстаған: қарағандылық нашақор туысының пәтерін өртеп жіберген

ERNUR.KZ. Қарағанды тұрғыны алдымен әйелі мен қызын кепілге алып, бір айдан кейін туыстарының пәтерін өртеп жіберген. Өрт салдарынан үш адам зардап шекті, жазады tengrinews.kz.

Қарағандының нашақор тұрғыны бір айда екі бірдей қылмыс жасаған. Осы жылдың сәуір айында ол есірткіге масаң күйде әйелі мен қызын үш сағаттан астам пәтерде ұстаған. Ер адам оларды пышақпен қорқытқан. Абырой болғанда, бұл жолы ешкім зардап шекпеген.

Ұзақ келіссөздерден кейін "Арлан" арнайы жасағының сарбаздары күдіктіні ұстады. Адамдарды тұтқында ұстау және адам өлтіремін деп қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Тергеуде болғанына қарамастан, бір айдан кейін ер адам тағы да заң бұзған. Ол туысының пәтерін өртеп жіберіп, салдарынан үш адам зардап шекті.

"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бұл адам бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған, жазасын әлі өтемеген. Адамдарды кепілге алу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 126 бабы "заңсыз бас бостандығынан айыру" және 115 "кісі өлтіру қаупі" баптары бойынша пробациялық бақылауға алынды. 26 мамырда туыстарының пәтерін өртеп жіберді. Соның салдарынан үш адам зардап шекті. Қазір олар ауруханаға жатқызылды. Оны жан-жақты тексергеннен кейін істі сотқа жібереміз. Ер адамға жаңа үкім шығады", - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Әділовтің айтуынша, жыл басынан бері Қарағанды облысында есірткіге байланысты 142 қылмыс тіркелген. 190 келі есірткі заттары тәркіленді. Бес есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды. 23 келі синтетикалық есірткі тәркіленіп, сатумен айналысқан 350 сайт бұғатталды.

"Облыс бойынша денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, барлығы 1356 есірткіге тәуелді адам есепте тұр. оның ішінде 194 әйел мен 1 кәмелетке толмаған жасөспірім. Ол небәрі 17 жаста. Ол мектепте оқиды. Қазір біз уәкілетті органдармен бірлесіп, бұл баланың қоғамға дені сау болып оралуы үшін бар күшімізді саламыз", - деді Санжар Әділов.