Видеокамера болғанымен, аяқ асты ашпай, істемей қалыпты.
ERNUR.KZ. Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы "Раяна" балабақшасында тәрбиешінің көмекшісі сыртқа горшок төгуге кетіп, балалар жалғыз қалған уақытта 1,5 жасар қызды сол топтағы бала 25 рет тістеп тастаған, деп жазады baq.kz.
Бұл туралы Қазақтың Аружаны есімді Facebook қолданушысы өз парақшасында жариялады.
Шиелі ауданындағы "Раяна" атты балабақшада болған жағдайды ата-анасы жаңа ғана жіберді. Тәрбиешінің жауапсыздығынан болып отыр бұл жағдай. Тәрбиеші көмекшісі сыртқа горшок төгуге кетіп балалар жалғыз қалады, сол уақытта орын алған жағдай депті балабақша басшылығы. Бұл жағдайда 1,5 жасар қызды 1 жас 3 айдан асқан бала тістеді депті. Кіттай ғана баланың 25 рет жалғыз өзі тістеп, осындай залал әкелуі қисынға соқпайды. Ана кіттай қыз қашып кете алмайтындай болып тұр ғой. Демек кемі 3-5 бала жабылып тістеген. Сағ 12:00-де болған бұл сорақылықты кешке дейін ата-анасына айтпау, алғашқы медициналық көмек көрсетпеу үшін қаншалықты жауыз болу керек? - деп жазды ол.
Балабақшада болған, бірақ істемей қалған көрінеді.
Видеокамера болғанымен, аяқ асты ашпай, істемей қалыпты. Істемейтін камера неге керек? Шиелі Ауданының Полиция Бөлімі сіздерге ата-анасы арыз тастады сол бойынша жұмыс жасауларыңызды сұраймыз. Камера жазбасын алыңыздар қалайда! - дейді Аружан.
Ол облыстық жауапты органдарға өзінің көкейінде туындаған бірнеше сұрағы мен талабын қойды.
Осы жағдай орын алғанда тәрбиешінің өзі қайда? Көмекші неге тастап кетеді баланы? Негізі заң бойынша балаға тәрбиеші қарау керек, көмекші емес. Бұл 1-2 минутта орын алған жағдай емес, кемі жарты сағат уақыт алған. Сонда шырқырап жылаған балаға бір адамның келіп қарамағаны ма? Ең сорақы жағдай Шиелі аудандық Білім бөлімі біздің жауапкершілікте емес деп отыр. Сонда кімнің жауапкершілігінде бұл балалар? Мемлекет емес пе осы жеке балабақшаға ақша аударатын? "Біздің дымымыз кетпейді" дегендей бүлк етпей отыр. Қызылорда облыстық Білім кәсіподағы, Қызылорда облысының Білім басқармасы, Қызылорда қаласының Білім бөлімі назарға алыңыздар. Шиелі білім бөлімінің шамасы жетпесе жеке балабақшаларға! Балабақшаны толықтай тексеруге алсын. Осы іс бойынша ата-анаға тиісті көмек көрсетіліп, жауапсыз қызметкерлер орындарын босатсын! - деп сөзін түйіндеді Аружан.
Желідегі бұл жазбаға ашуланған оқырмандар түрлі пікірлерін жазып жатыр.
Камера керек кезде жасамай қалса сол бала бақшада басшылардың ісі болуы мүмкін неге жасамай қалады осындай кезде тәрбиешімен қосып басшысында жазаға тарту керек. Айғыр талағандай талапты тәрбиешілер шошқа тағалағанба?
Жауапсыздыққа жол бергендер жазалансын. Тісте у болады. Дәрігерге көрсету керек, - деп оқырмандар пікірлерімен бөлісуде.