Әкімдіктер жанынан жаңа басқармалар құрылады: олар немен айналысатын болады

0
114

Зәкиева қазіргі уақытта өздерінің балалардың, құқықтарын қорғау жүйесіне қатысты заң жобасын дайындап жатқандарын айтады.


Әкімдіктер жанынан жаңа басқармалар құрылады: олар немен айналысатын болады

Сурет: freepik

ERNUR.KZ. 2025 жылы 30 сәуірде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева облыстарда Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармалар, сондай-ақ аудандарда да тиісті бөлімдер құрылғалы жатқанын айтты, деп жазады zakon.kz.

Балалар омбудсмені Instagram-дағы парақшасында атап өткендей, бұл бастаманы жүзеге асыру үшін Мемлекет басшысының балаларды қорғау жүйесін күшейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес олар мемлекеттік кеңесші Ерлан Кариннің, Президент Әкімшілігінің қолдауымен, Ішкі саясат бөлімі мен Бала құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп бір жыл бойы жұмыс істеген.

"Кеше Үкімет біздің әкімдіктер құрылымында Балалардың құқықтарын қорғау басқармаларын құру жөніндегі ұсынысымызды қолдады. Жаңа басқармалар білім басқармасынан қорғаншылық және қамқоршылық органдарын бөліп шығару арқылы құрылады (заңдағы жаңа "5 мың балаға - 1 қызметкер" нормативіне сейкес, енді жарты миллион балаға бұрынғыдай 5-8 адам емес, 100 қызметкер болмақ). Осылайша, республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлудің қажеті жоқ", деп сүйінші жаңалықпен бөлісті Зәкиева.

Оның айтуынша, бұл шараның маңыздылығы мынада: қазіргі таңда облыс және аудан әкімдіктерінің жергілікті атқарушы органдарының құрылымында балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын жеке орган жоқ, ал халқымыздың үштен бірі - балалар.

"Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері білім басқармасының көптен бір функциясы ретінде жүзеге асырылып келді, бұл жұмыс сапасына теріс әсер етеді. Біріншіден, білім басқармасы аясында атқарылатын функциялар балаларды қорғау саласында ведомствоаралық үйлестіру жургізуге мумкіндік бермейді. Екіншіден, бұл мүдделер қақтығысына алып келеді, өйткені мектептер білім беру жүйесіне жататындықтан, олар көбінесе мекеменің беделін тусіріп алудан қорқып, бала құқықтарының бұзылу жайттарын жасырып келеді", - дейді омбудсмен.

Ол өңірлерде профилактикамен айналысатын орган - кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия балаларды қорғау жүйесі органдары мен мекемелерінің қызметін үйлестіруде тиімсіз екенін айтады.

"Себебі әкімдіктің түрлі басқармаларының өкілдері болып келетін КТІК қызметкерлері үшін бұл негізгі қызмет емес, қосымша функция. Осылайша, балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен бәрі айныласса да, нақты орындаушы жоқ, салдарынан құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол бермеу жане әрекет ету бойынша жан- жақты, сапалы жұмыс жургізілмеді",- дейді ол.

Зәкиева қазіргі уақытта өздерінің балалардың, құқықтарын қорғау жүйесіне қатысты заң жобасын дайындап жатқандарын айтады.

"Онда, ең алдымен, Балалардың құқықтарын қорғау басқармаларының мәртебесі, өкілеттіктері мен функциялары, сондай- ақ профилактикалық органдардың құқықтары мен міндеттері толықтай айқындалады. Басқармалардың негізгі функцияларына балалардың құқықтарының бұзылуын, зорлық- зомбылықтың, буллингтің алдын алу және барлық профилактикалық шараларды үйлестіру жатады. Сонымен қатар, мектеп психологтарына, полицияға немесе азаматтардан түскен әрбір дабылға ден қою, оқиға орнына шығу міндеті де осы басқармаларға жүктеледі. Сонымен қатар, бұл басқармалардың функцияларына полицияда есепте тұрған, қолайсыз немесе өмірлік қиын жағдайдағы отбасылардағы балаларды тұрақты түрде аралап тексеру, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық, іс жүргізу аясында оларды сүйемелдеу, Отбасын қолдау орталықтары мен Психологиялық қолдау орталықтарын тарта отырып көмек ұйымдастыру да кіреді", - дейді маман.

Омбудсменнің айтуынша, бұл балалардың өңірлерде әлеуметтік жене құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған барлық заңдар мен бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуына сапалы әсер етеді.