Айгүл Орынбек Мәдина Әбілқасымоваға: «Бес баланың өлімі сенің мойныңда!»

0
37 405

"Шанель, манель киген министрлер, "Қорқақ" үкімет шығыңдар көшеге, ауылдарға! Көріңдер халықтың жағдайын!"


Айгүл Орынбек Мәдина Әбілқасымоваға: «Бес баланың өлімі сенің мойныңда!»

Қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Астана қаласында өрт салдарынан қаза тапқан бес баланың өліміне министр Мәдина Әбілқасымованы кінәлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Мадина Әбілқасымова "16 мың жетеді!" - деп бүкіл әлемге жар салып едің!
Бес баланың өлімі сенің мойныңда!
16 мың жетсе, байғұс ана түн ішінде жұмыс істеп несі бар?
Қу жетіспеушілік, шырылдаған балаларға қайтсем нан тауып берем деп жүрген ана боталап қалды ау!
Бұл бір ұлттың қасіреті!
Әлеуметтік жағдайы жақсы, дамыған отыз елдің қатарына кірген рухани жаңғырған мемлекет көп балалы аналардың жағдайын жасай алмай отыр!
Шанель,манель киген министрлер, "Қорқақ" үкімет шығыңдар көшеге, ауылдарға! Көріңдер халықтың жағдайын!
Сендер көрмей жүрген жоқсыңдар, сендер көріп жүріп көздеріңді тас қылып байлап алған көр соқырсыңдар!
Бейбітшілік заман, қауіпсіз елде бес бала отқа жанып кетіп отыр.
Өлген жас сәбилердің күлі сендердің мойындарыңда!
», деп ашына жазды қоғам белсендісі өзінің фейсбуктегі парақшасында.


Айта кету керек, өткен түні Астана қаласында уақытша тұрғызылған баспанадан өрт шығып, бір үйдің бес баласы қаза болған еді. Өрт кезінде балалардың ата-анасы жұмыста болғандығы анықталған.

Ал, мұның алдында Қазақстанның көп балалы аналары интернет арқылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына үндеу жолдап, елдің еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымованы отставкаға жіберуді талап еткен болатын.