Ақмола облысында екі ай бұрын жоғалып кеткен Көкшетау тұрғыны іздестіріліп жатыр

0
291

Ер адам жоғалып кеткені туралы оның ата-анасы хабарлаған.


Ақмола облысында екі ай бұрын жоғалып кеткен Көкшетау тұрғыны іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Екі ай бұрын із-түзсіз кеткен ақмолалық Ерлан Мусин әлі күнге дейін табылмай жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Ер адам жоғалып кеткені туралы оның ата-анасы хабарлаған. Олардың сөзінше, 2 маусымда сағат 13.30 шамасында ер адам үйінен шығып, оралмаған. Оның туыстары бірнеше күн бойы өздері іздеген, нәтиже болмағаннан кейін полицияға хабарлаған.

Ер адамды іздеу жұмыстары тек Көкшетау бойынша емес, сондай-ақ көршілес аудандарда да жүргізілген. Арнайы іздеу топтары көршілес облыстардан да іздей бастаған.

Полиция департаменті ер адамды көргендер болса құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрады.