Ақмола облысында итін зиратқа апарып жерлеген тұрғынның басы дауға қалды

0
996

Жануарларды бұлай көму санитарлық талаптарға да сай келмейді.


Ақмола облысында итін зиратқа апарып жерлеген тұрғынның басы дауға қалды

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Ерейментау ауданының тұрғыны қалаға жақын маңда ешкімге ескертпестен Гретта атты итін арулап жерлеген. Мұны көрген аймақ тұрғындары ауылдастарының заңсыз әрекетін ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген, деп жазады Stan.kz.

Ерейментау әкімдігі жерлестерінің заңсыз әрекеті туралы кеше естіген. Иттің басына барған әкім жерге рұқсат алған ешкім жоқ дейді.

“Ешкімнен ешқандай рұқсат қағаз алған жоқ. Зираттың басына қойды деген жалған ақпарат кетіп жатыр. Өзім жаңа шықтым жанына. Жолдың ар жағында зираттан алыста тұр. Учаскелік полициямен таптық жерлеген адамды. Айыппұл саламыз, сосын алып тастайды итті”, – дейді Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімі Сапар Барлыбаев.

Ерейментауда бір ғана ит жерленіп шу шығып жатқанда, Павлодар облысына қарасты Екібастұз қаласында өлген жануарларға арналған арнайы қорым бар екен. Жергілікті әкімдіктің айтуынша, қала сыртында ит пен мысығын жерлеуге ешкім рұқсат алмаған. Тіпті, жануарларды бұлай көму санитарлық талаптарға да сай келмейді.