Ақмола облысында қар жауды

0
1 649

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, найзағай, бұршақ күтіледі, жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді.


Ақмола облысында қар жауды

ERNUR.KZ. Степногорск қаласының тұрғындары қардың жауғанын xабарлап, әлеуметтік желілер арқылы фотолармен бөлісіп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

"Таңертең тұрсақ, далада қар жатыр. Қалыңдығы 4-5 сантиметрдей бар", - дейді Алтынбек есімді қала тұрғыны.

"Қар түнде жауған сияқты. Өйткені кейбір жерлерде қар кәдімгідей күртік болып жатыр", - дейді Заводской кентінің тұрғыны Жанар Асқарова.

Сондай-ақ, Көкшетау тұрғындары да әлеуметтік желіде қаланы басып қалған қалың қардың суреттерімен бөлісіп жатыр.

Айта кетейік, Қазгидромет 15 сәуірде Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болатынын xабарлаған болатын.

"15 сәуірде Қазақстанда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын түседі, солтүстік және солтүстік-батыстың кей жерлерінде қатты нөсер жауады, тек оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыста күн райы ашық болады. Кей жерлерде тұман, найзағай, көктайғақ болады, желдің күшеюі, бұршақ жаууы ықтимал, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі", - делінген ресми xабарламада.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, найзағай, бұршақ күтіледі, жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді. Павлодар, Ақмола, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, найзағай, бұршақ күтіледі, жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, найзағай, жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді. Қызылорда облысында тұман, найзағай күтіледі, таңертең және күндіз шаңды дауылмен жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғуы ықтимал.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысында найзағай, мүмкін бұршақ күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының күндіз Жалаңашқал ауданында жел 15-20 м/с күтіледі. Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, түнде Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Жамбыл облысында найзағай жарқ