Ақмола облысында құны 70 млн теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды

0
302

Көкшетау қаласының прокуратурасы тұрақты негізде жергілікті атқарушы органдармен жер заңнамасының сақталуына мониторинг пен талдау жұмыстарын жүргізуде.


Ақмола облысында құны 70 млн теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды

Sputnik / Виталий Тимкив

ERNUR.KZ. Ақмола облысы прокуратурасы өңірде заңсыз берілген жер учаскесін мемлекетке қайтарды, деп жазады sputnik.kz.
Прокуратура мәліметінше, Көкшетау қаласының прокуратурасы тұрақты негізде жергілікті атқарушы органдармен жер заңнамасының сақталуына мониторинг пен талдау жұмыстарын жүргізуде.
"Жергілікті атқарушы органдардың аукцион жүргізбестен өндірістік базаға қызмет көрсету үшін аумағы 1,3 га жер учаскесіне жеке меншік құқығын бергені аныкталды.Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша нарықтық құны 70 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке кайтарылды", — делінген хабарламада.