​Ақмола облысында мүгедектігі бар мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалды

0
241

Мүгедектігі бар жұмысшылардың еңбегін пайдалану олардың медициналық көрсеткіштерімен шектеледі.


​Ақмола облысында мүгедектігі бар мемлекеттік қызметшілердің  құқықтары қорғалды

ERNUR.KZ. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мүгедектігі бар мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуына талдау жүргізді. Талдаумен Ақмола облысының мемлекеттік қызмет жүйесінде мүгедектігі бар 65 адам, оның ішінде 13 қызметшінің І және ІІ тобындағы мүгедектігі бар: жергілікті атқарушы органдарда 6, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде 6 және өкілді органдарда 1 қызметші бар екені анықталды. Үш адам басшылық лауазымдарды атқарады.

«Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 1 - бабы 1- тармағының 106) тармақшасына сәйкес мүгедектігі бар адам-тіршілік әрекетінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттілігіне әкеп соғатын ауруларға, мертігулерге (жараларға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, бұзушылықтарға байланысты дене функциялары тұрақты бұзылған денсаулығы бұзылған адам» - деп Департамент басшысы Думан Әбілев мәлімдеді.
Мүгедектігі бар жұмысшылардың еңбегін пайдалану олардың медициналық көрсеткіштерімен шектеледі. Еңбек кодексінің 143-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің еңбегі осы Кодексте қызметке кірудің, оны өткерудің және тоқтатудың ерекше шарттары мен тәртібін, ерекше еңбек жағдайларын, еңбекке ақы төлеу шарттарын, сондай-ақ қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар мен шектеулерді белгілейтін Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен реттеледі.
Еңбек кодексінің 69 – бабының 3-бөлігіне сәйкес бірінші және екінші топтағы мүгедек қызметкерлерге жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді – ол аптасына 36 сағаттан аспайды.
Талдау барысында Департамент жұмыс берушінің көрсетілген тұлғаларға жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын белгілеу мән жайларын анықтау мақсатында жұмыс уақытын есепке алу табелін сұратты. Деректерді зерделеу қорытындысы бойынша мүгедек адамдардың құқықтарын бұзудың 6 фактісі анықталды, атап айтқанда жұмыс беруші мұндай қызметшілерге қатысты жұмыс уақытының қысқартылған режимін белгілемеген. Осыған байланысты Департамент талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың басшыларына бұзушылықтарды жою туралы ақпараттық хат енгізді. Департаменттің хаты негізінде аталған адамдарға жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленді.