Ақмола облысында зауыт аумағында ер адам тоққа түсіп, көз жұмды

0
667

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.


Ақмола облысында зауыт аумағында ер адам тоққа түсіп, көз жұмды

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Целиноград ауданында зауыт аумағында ер адам тоққа түсіп, қаза тапты, деп жазадв 24.kz.

«Шілденің 1-інде Целиноград аудандық полиция бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарласып, «Астана-керамика» кірпіш зауытының маңында жүк автокөлігімен жұмыс істеу кезінде 1976 жылғы ер адамның тоқ соғып, көз жұмғанын айтты», – деді Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Ведомстводан атап өткендей, қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.