Ақмола облысында жұмысшыны ток соғып, қайтыс болды

0
620

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.


Ақмола облысында жұмысшыны ток соғып, қайтыс болды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында жұмысшыны ток соғып, қайтыс болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«10 қазан күні Аршалы ауданының полиция бөліміне аудан кәсіпорындарының бірінің басшысынан нысанда электрик-реттеуші қаза тапқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы, қайтыс болған қызметкер 1967 жылы туған жергілікті тұрғын абайсызда жоғары кернеуге ұшырағанын анықтады. Экскаваторды электр қуатынан ажыратпай, ер адам 6 мың вольтты электр тогымен зақымданды», - деп жазылған хабарламада.

Осы фактіге қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі бойынша «Қауіпсіздік техникасы қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қайғылы оқиғаның барлық жағдайлары белгіленуде.